27.05.2009, 17:57 2755

Мәжіліс "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сауда-өнеркәсіп палаталары қызметінің мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын екінші оқылымда мақұлдады

Мәжіліс "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сауда-өнеркәсіп палаталары қызметінің мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын екінші оқылымда мақұлдады

Астана. 27 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Мәжіліс депутаттары бүгін өткен жалпы отырыста "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сауда-өнеркәсіп палаталары қызметінің мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын екінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

Мәжілістің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің қорытындысына сәйкес , "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сауда-өнеркәсіп палаталары қызметінің мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы тауарлардың шығу тегі туралы сертификатты рәсімдеу және беру функциясын уәкілетті мемлекеттік органнан сауда-өнеркәсіптік палаталарға беруге бағытталады.

Осы заң жобасы сыртқы сауда саласындағы мемлекеттік реттеу аясын тарылту қажеттілігіне байланысты әзірленген. Аталған саланы тарылту қажеттілігі Қазақстанның алдағы Дүниежүзілік Сауда Ұйымына кіруінен, сауда-өперкәсіп палаталары қызметінің мәселелері бойынша қолданыстағы заңнаманы біріздендіру мен үйлестіруден туындап отыр.

Осы заң жобасының мақсаты тауардың шығарылуы туралы сертификатты уәкілетті мемлекеттік органнан Қазақстан Республикасының Сауда-өнеркәсіп палатасына беру жөніндегі функцияларды беру болып табылады.

"Техникалық реттеу туралы" заңға және Кеден кодекстеріне өзгерістер енгізу ұсынылды.

ҚР Индустрия және сауда министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы Ғабит Мұхамбетовтың отандық тауарлардың сертификаты, оны рәсімдеудің мәселелері жөніндегі баяндамасына сәйкес, қазір "СТ-1", "А" және "СТ-KZ" деген сертификат түрлері бар.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны