03.06.2009, 17:27 2373

Мәжіліс "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық үшін жауапкершілікті қатайту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.

Мәжіліс "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық үшін жауапкершілікті қатайту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.

Астана. 3 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Мәжіліс депутаттары бүгін өткен жалпы отырыста "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық үшін жауапкершілікті қатайту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.

Мәжіліс депутаты Рамазан Сәрпеков баяндамасында заң жобасының көздеген мақсаты туралы айтып берді.

Заң жобасы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған адамдардың жауапкершілігін қатайту мақсатында және "Нұр Отан" ХДП Халықтық тұғырнамасының міндеттерін, "Нұр Отан" партиясының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын, сондай-ақ "Нұр Отан" ХДП-ның Қазақстан Республикасы парламентінің мәжілісіндегі фракциясы іс-шаралар жоспарының 8-тармағын орындау үшін әзірленген.

Заң жобасында Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне тиісті толықтырулар енгізіле отырып, сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған адамдардың одан әрі бюджеттік ұйымдарға және ұлттық басқарушы холдингтерге, ұлттық даму институттарына және ұлттық компанияларға жұмысқа орналасуына біржақты тыйым салуды енгізу көзделеді.

Мемлекеттік қызметке кіретін адамдарға қойылатын талаптарды қатайту мақсатында "Мемлекеттік қызмет туралы" Қазақстан Республикасының заңында адамның сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылу фактісіне байланысты жұмысқа қабылдана алмайтын мерзім екі жылдан үш жылға дейін ұзартылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны