14.10.2009, 12:55 1611

Мәжіліс "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады

Мәжіліс "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады

Астана. 14 қазан. Kazakhstan Today - Мәжіліс депутаттары бүгін өткен жалпы отырыста "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Терроризмге қарсы құқықтық нормаларды әзірлеу барысында басқа елдердің осы саладағы жетістіктерімен салыстыратын мұндай тәсіл терроризммен күресудің озық және іс жүзінде байқаудан өткен алгоритмдерін қолдануға мүмкіндік береді. Сондай-ақ ұсынылып отырған заң жобасы терроризмге қарсы іс-қимылдың құқықтық негіздерін жетілдіруді қарастырады.

Заң жобасында Қылмыстық және Азаматтық іс жүргізу кодекстеріне, Икімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске, "Терроризмге қарсы күрес туралы" заңға және басқа да бірқатар заңнамалық актілерге түзетулер енгізу көзделген.

Жобада сондай-ақ терроризмге қарсы операцияның құқықтық режимін қамтамасыз ету мәселелерін қосқанда терроризмге қарсы іс-кимылдың басқа да мәселелері реттелген.

Заң жобасының мақсаты жайлы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары Иділ Шаяхметов түсінік берді. Мәжілістің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі Ержан Исақұлов қосымша баяндама жасады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны