28.10.2009, 15:02 3430

Мәжіліс "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын екінші оқылымда мақұлдады

Мәжіліс "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын екінші оқылымда мақұлдады

Астана. 28 қазан. Kazakhstan Today - Мәжіліс депутаттары бүгін өткен жалпы отырыста "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын екінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Терроризмге қарсы құқықтық нормаларды әзірлеу барысында басқа елдердің осы саладағы жетістіктерімен салыстыратын мұндай тәсіл терроризммен күресудің озық және іс жүзінде байқаудан өткен алгоритмдерін қолдануға мүмкіндік береді. Сондай-ақ ұсынылып отырған заң жобасы терроризмге қарсы іс-қимылдың құқықтық негіздерін жетілдіруді қарастырады.

Заң жобасында Қылмыстық және Азаматтық іс жүргізу кодекстеріне, Икімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске, "Терроризмге қарсы күрес туралы" заңға және басқа да бірқатар заңнамалық актілерге түзетулер енгізу көзделген.

Жобада сондай-ақ терроризмге қарсы операцияның құқықтық режимін қамтамасыз ету мәселелерін қосқанда терроризмге қарсы іс-кимылдың басқа да мәселелері реттелген.

Ұсынылып отырған заң жобасы терроризмге қарсы іс-қимылдың құқықтық негіздерін жетілдіру мақсатында ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің заңнамасын бір ізге түсіру және үйлестіру шеңберінде әзірленген.

Заң жобасы Қылмыстық және Азаматтық іс жүргізу кодекстеріне, Икімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске, "Терроризмге қарсы күрес туралы" заңға және басқа да бірқатар заңнамалық актілерге түзетулер енгізуді көздейді.

Азаматтық іс жүргізу кодексіне енгізілетін түзетулермен сот органдарына прокурордың өтініші бойынша экстремистік немесе террористік ұйымның өз атауын өзгерту фактісін анықтау туралы қосымша шешім шығару құқығын беру ұсынылады. Осындай түзету еліміздің аумағында тыйым салынған террористік ұйымдарын қайта атау фактілерінің жолын кесу және атауларын өзгерту фактілері тікелей анықтаған жағдайда осындай ұйымдардың қызметіне тыйым салу үшін құқықтық негіз құруға мүмкіндік береді.

Икімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске терроризмге қарсы операцияларды өткізу кезеңінде олардың техникалық амалдары мен тактикасын ашатын мәліметтер мен құжаттарды қамтитын бұқаралық ақпарат құралдарының өнімдерін ел аумағында таратқаны, сондай-ақ терроризмге қарсы операцияның құқықтық режимін бұзғаны үшін жауапкершілікті белгілеу көзделген.

"Терроризмге қарсы күрес туралы" заңға неғұрлым елеулі түзетулер енгізу көзделген. Бірінші кезекте жоба терроризмнің алдын алу, оған қарсы күрес және оның салдарын азайту мен жою жөніндегі ұйымдастырушылық, құқықтық және өзге де шаралар жүйесін анағұрлым нақты және кең түрде қамтитын түзету енгізіледі.

Осымен қатар жобада Қазақстан Президентінің, Үкіметтің, терроризмге қарсы іс-қимылды үйлестіру жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган мен терроризмге қарсы іс-қимылдың жалпымемлекеттік жүйесіндегі басқа да мемлекеттік органдардың құзыреті анықталған. Террористік қатынасқа бейім объектілер басшыларына терроризмге қарсы іс-қимыл бойынша іс-шараларды орындау міндеттері жүктелген.

Жобада сондай-ақ терроризмге қарсы операцияның құқықтық режимін қамтамасыз ету мәселелерін қосқанда терроризмге қарсы іс-кимылдың басқа да мәселелері реттелген.

Заң жобасы бойынша Мәжілістің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі Ержан Исақұлов баяндап берді. Заң жобасы екінші оқылымда мақұлданды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны