22.04.2009, 13:25 1693

Мәжіліс "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңының жобасын бірінші оқылымда мақұлдады

Мәжіліс "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңының жобасын бірінші оқылымда мақұлдады

Астана. 22 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Мәжіліс депутаттары бүгін өткен жалпы отырыста "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңының жобасын бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

Заң жобасы жөнінде энергетика және минералды ресурстар министрі Сауат Мыңбаев баяндама жасады. Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің мүшесі Ерболат Ипсалямов қосымша баяндама жасады.

Жаңартылған энергия көздеріне күн мен желдің, өзен суларының энергиясы, геотермалдық энергия, сондай-ақ, табиғи процестердің есебінен үздіксіз жаңартылатын басқа да энергия түрлері жатады.

Электр энергиясын пайдаланбай қазіргі өмірді көз алдымызға елестету мүмкін емес, техниканың тез дамуы жағдайларында оған деген сұраныс тұрақты түрде артып отыр. Сонымен бipre, техникалық, прогрестің қоршаған ортаның ластануымен қоса жүретінін ұмытпағанымыз жөн. Осыған байланысты, экологиялық, таза энергия көздері туралы мәселе аса маңызды бола түсуде. Энергетиканы дамытудьң жаңа жолдары осындай көздерді іздестіруге және дамытуға бағытталған.

Қазақстан Республикасының аумағын ескере отырып, жел энергетикалық, әлеуеті аса маңызды болуы мүмкін. Қазақстан үшін оның ең қолайлы түрлері - су энергетикасы, жел және күн энергиялары. Жел энергиясы бойынша жүргізілген зерттеулердің негізінде жел электр станцияларын салуға қолайлы деп 8 аймақ таңдалып алынды. Олар, Ақмола, Алматы, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Маңғыстау және Оңтүстік Қазақстан облыстары.

Жергілікті атқарушы органдар жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды ескере отырып, өңірлік даму бағдарламаларын әзірлейтін болады, жоспарларды, экономикалык, және әлеуметтік жоспарларды әзірлеу кезінде жаңартылатын энергия көздерін пайдалану ескерілуі тиіс, сондай-ақ, қуаты 25 мегаватқа дейінгі жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын объектілерді салу жобаларын кeлicy көзделеді.

Заң жобасын қабылдау Қазақстан Республикасының энергетикалық, қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, энергетиканың болашағы үшін отынды үнемдеуге, халықтың денсаулығын сақтауға және қоршаған ортаны қорғауға ықпал ететін болады.

Заң жобасы бойынша жұмыс тобының жетекшісі Ерболат Ибсалямовтың айтуынша, заң жобасына қатысты жұмыс тобының жеті отырысы өткізілген, оған 80-нен астам ұсыныс пен пікір түскен, солардың 34 ұсынысы қабылданған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны