03.06.2009, 17:38 2436

Мәжіліс "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жедел-іздестіру қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын екінші оқылымда мақұлдады

Мәжіліс "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жедел-іздестіру қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын екінші оқылымда мақұлдады

Астана. 3 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Мәжіліс депутаттары бүгін өткен жалпы отырыста "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жедел-іздестіру қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын екінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

Мәжілістің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі Николай Турецкий түсінік берді.

Заң жобасының мақсаты жедел-іздестіру қызметін жетілдіру, оны реформалау және еліміздің қолданыстағы қылмыстық іс жүргізу және өзге де заңнамасының нормаларына сәйкес келтіру болып табылады. Заң жобасының шеңберінде уәкілетті органдардың қылмысқа қарсы күрестегі қызметінің тиімділігін арттыру үшін жағдай жасалған.

Жедел-іздестіру қызметі мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық актілер арасындағы заңды кемшіліктер мен қайшылықтар жойылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны