11.06.2009, 12:26 1301

Мәжіліс "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жеке кәсіпкерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын екінші оқылымда мақұлдады

Мәжіліс "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жеке кәсіпкерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын екінші оқылымда мақұлдады

Астана. 11 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Мәжіліс депутаттары бүгін өткен жалпы отырыста "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жеке кәсіпкерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын екінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі.

Заң жобасы кәсіпкерлікті одан әрі дамытуға және мемлекет пен қоғам алдындағы міндеттерге тиімді қол жеткізуге ықпал ететін болады.

Заң жобасымен "бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі" деген ұғым енгізіліп отыр. Илеуметтік жауапты бизнес - Қазақстан үшін жаңа құбылыс және көптеген компаниялар бүгінге дейін өздерін әлеуметтік бағдарланған деп атай алмайды. Сонымен бірге бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі алыс шетелде бұрыннан бері өмірлік маңызды әрі кез келген ірі корпорацияның өркениетті қызметінде жалпы қабылданған фактор болып табылады.

Осыған байланысты бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі ұғымын заңнамалық деңгейде бекіту қажеттілігі туындап отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны