24.12.2008, 13:05 2689

Мәжіліс "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын мақұлдады

Мәжіліс "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын мақұлдады

Астана. 24 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Мәжіліс депутаттары бүгін өткен жалпы отырыста "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын мақұлады, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің хатшысы, аталған заң жобасы бойынша жұмыс тобының жетекшісі Мұрат Ибенов кіріспе сөзінде осы басқосудың маңыздылығына тоқталды.

Заң жобасының мақсаты жөнінде ҚР Иділет министрінің орынбасары дулат Құсдәулетов баяндама жасады.

Депутат Мұрат Ибенов: "Қоғамды әрі қарай демократияландыру және әлеуметтік-экономикалық реформаларды жүргізу жағдайында жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін енгізу айрықша маңызды болып қала бермек. Оның үстіне әлемдегі нарықтық қатынастардың дамуы мен ақпарат және басқару саласында орын алған революциялар белгілі бір субьектілер қызметіне орталықтандырылған мемлекеттік ықпал ету мүмкіндігін мейлінше қысқартуда. Өздеріңізге белгілі, ұтымды ұйымдастырылған өзін-өзі басқару жергілікті ресурстарды тиімді пайдалануға, қоғамдағы әлеуметтік шиеленістердің төмендеуіне және тұрғындардың билікке деген сенімін арттыруға мүмкіндік береді. Илемдегі қаржы және азық-түлік дағдарысы жағдайында өмір сүру жағдайын жақсартуда тұрғындардың өзін-өзі ұйымдастыру мен өзін-өзі басқару әлеуетін пайдалану тұрақтылықтың маңызды факторы ретінде ұсынылуда",- деді.

Жергілікті өзін-өзі басқару, тұрғындардың өмір сүру жағдайында маңызды мәселелерді шешу белсенділігін арттыру қосымша қоғамдағы ішкі күштердің күшеюі мен әлеуметтік-экономикалық, ғылыми-техникалық прогресстің жылдамдатады.

Халықаралық тәжірибе жергілікті өзін-өзі басқару жергілікті салт-дәстүр, экономикасы және тағы да басқа жағдайларға байланысты, тіпті бір мемлекет көлемінде болса да айтарлықтай өзгешеліктер байқалатынын көрсетіп отыр.

Сонымен қатар жергілікті өзін-өзі басқару елдің мемлекеттік құрылымына байланысты ерекшеленеді. Жергілікті өзін-өзі басқаруды конституциялық реттеу унитарлы мемлекеттерде федеративті елдерге қарағанда басқаша шешіледі.

Жергілікті өзін-өзі басқаруды енгізу кезінде өзіміздің өткен отандық тарихымызды рулық және ауылдық өзін-өзі басқару саласында, кеңестік құрылыста пайдаланылған құндылықтарды ескеруіміз қажет.

Қазақстан тарихында жергілікті өзін-өзі басқарудың дәстүрлері бар. Танымал "Жеті жарғы" - орта ғасырдың өзінде түрлі қоғамдық және мемлекеттік институттар өкілеттігінің барлық саласын анық бөле білген.

Жергілікті өзін-өзі басқаруды құру мүмкіндігі 1995 жылғы Қазақстан Республикасының Конституциясында қарастырылған. Онда о бастан-ақ, жергілікті өзін-өзі басқарудың қызмет етуіне және олардың дербестігіне белгіленген құзыреті шеңберінде кепілдік берілген.

Содан бері жергілікті өзін-өзі басқарудың кейбір элементтерін енгізу мен оның заңнамалық базасын дайындау талпыныстары болған.

Үкімет шешіміне сәйкес 1996 жылы тұрғын үй қорын пайдалану мен күту мәселелерін шешу міндеттері жүктелген ПИК-тер (КСК) құрылды. Сондай-ақ, ауылдық жерлерде селолық тұтыну кооперативтері өзінше құрыла бастады.

Жергілікті мәселелерді шешудегі келесі қадам тәжірибе түрінде өткізілген 2001 жылғы ауыл әкімдерін сайлау және 2006 жылғы аудан және облыстық маңызы бар қала әкімдерін сайлау болды.

Бүгінде Елбасымыздың мемлекеттің Ата заңын жаңалауға байланысты бастамасына орай жағдай айтарлықтай өзгерді.

Біріншіден, қоғамдық және мімлекеттік институттардың бірігуіне жол берілмейтін ереже алынып тасталынды. Ол жергілікті өзін-өзі басқару органдарына мемлекеттік қызметтерді жүзеге асыруына мүмкіндік береді.

Екіншіден, жергілікті өзін-өзі басқару негізі болып енді еркін, жасырын, тік және жалпы дауыс беру арқылы сайланған жергілікті мәслихаттар табылады. Мәслихаттардың рөлі мен құзыреті арттырылып, бес жылға дейін ұзартылды. Олардың келісімімен барлық деңгейлі әкімдер сайланады. Мәслихатты әкімге сенімсіздік білдіру процедурасы (іс-шарасы) да жеңілдетілген: ертеректе ол мәслихаттың үштен екі бөлігінің даусымен жүзеге асса, қазір тек дауыс берушілер басым болуы жеткілікті.

Осылай, Конституцияға жергілікті өзін-өзі басқарудың жергілікті мемлекеттік басқару мен өзін-өзі басқару жүйелерін жақындатуды көздеген базалық параметрлері енгізілді.

Сонымен қатар, Конституцияда жергілікті өзін-өзі басқару органдарын мемлекеттік билікке жатқызбауы жергілікті өзін-өзі басқарудың дербестігін көрсетеді. Алайда, бұл жергілікті өзін-өзі басқарудың мемлекеттік-биліктік қатынастар жүйесінен тыс және мемлекеттен мүлде тәуелсіз еместігін білдірсе керек.

Ағымдағы жылдың 17 қаңтарында Елбасы "Нұр Отан" ХДП кеңейтілген жиынында 2008 жлы заңдық тұрғыда конституциялық реформалардың, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін қалыптастыратын ереже енгізілуін тапсырған болатын.

Аталған тапсырманы президент Шығыс Қазақстан облысы Предгорное қыстағының тұрғындарымен кездескенде мейлінше нақтылады. Жиынға қатысушылар кеңес сияқты органдардың құрылуын ерте деп тапқан пікірлерімен бөлісті.

Елбасының пікірінше, жергілікті өзін-өзі басқару институтын енгізу барысында жаңа, қосымша органдар құруға асығудың қажеті жоқ. Ол өз кезегінде кеңестер құрудың әлі ертерек, кеңес сайлауы әкімшілік аппаратының ұлғайтылуына соқтыратын жасанды шара екендігін айтты.

Елбасы мәслихаттар өкілді билік органы ретінде өзін толық ақтап шықты дей келе, мәслихаттардың жұмысын жандандыру және олардың мемлекеттік басқару жүйесіндегі рөлін ұдайы арттырып отыру қажеттігіне көңіл бөлді. Икімдердің мәртебесі мен жауапкершілігін арттыруға және орталық пен аймақтардың құзыретін нақтылау қажеттігі де назардан тыс қалмады.

Елбасы пікірінше, төмен деңгейдегі әкімдер жергілікті өзін-өзі басқару жүйесіне олардың жауапкершілігі мен мәртебесінің өсуі мен бірге енуі қажет.

Президент өз сөзінде барлық деңгейдегі әкімдердің қабылдаған шешімдері мен іс-қимылдары тұрғындардың билік туралы пікірін қалыптастырады, сондықтан әкімдердің имиджі мен сол имиджге деген жауапкершілікті арттыру қажеттігін айтты. Оның ойынша, жалпы атқарушы және орындаушы билік құрылымының логикалық құрылымы қалыптасқан.

Кездесу нәтижесі бойынша мемлекет президенті жергілікті өзін-өзі басқару бойынша және өзін-өзі басқаруды мәслихаттардың жаңа конституциялық мәртебесі, олардың рөлі мен құзыретінің ұлғайтылуы, мәслихат аппаратының нығаюы тұрғысынан заң жобасын қайта қарауды тапсырды.

Үстіміздегі жылдың 22 қарашасында парламент мәжілісіне "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы енгізілді.

Түзетулерде облыс, аудан, қала, қаладағы аудан, ауылдық (селолық) округ, ауылдық (селолық) округ құрамына кірмейтін кент және ауыл (село) шегінде жергілікті өзін өзі басқаруды жүзеге асыруды бекіте түсу ұсынылды.

Жергілікті өзін-өзі басқару органдары 1) өкілетті органдар - облыс (республикалық маңыздағы қала, астана), аудан (облыстық маңыздағы қала) мәслихаттары және 2) атқарушы орган - облыс (республикаллық маңыздағы қалалар, астана), аудан (облыстық маңыздағы қалалар), қаладағы аудан, аудандық маңыздағы қала, ауылдық (селолық) округ , кент және ауыл (сеоло) әкімдері болып табылады. Икімдер мемлекеттік басқару функцияларымен қатар жергілікті өзін-өзі басқару органдарының функцияларын заңды түрде жүзеге асыру мүмкіндігіне ие болады.

"Қазіргі таңда аталға заң жобасын қабылдай отырып, біз өзіміздің жергілікті өзін-өзі басқару үлгісінің қалыптасқандығы туралы айта аламыз.

Заң жобасы мәжіліске түскенге дейін депутаттар Европа Одағының халықаралық сарапшыларымен бірге "Жерігілікті өзін-өзі басқару" жобасы аясында дайындық жұмыстар жүргізді. Шаралар барысында жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін енгізудің оң әлемдік тәжірибесін және "Жергілікті өзін-өзі басқару туралы" Европалық хартияда бекітілген қағидаттар қарастырылды. Халықаралық сарапшылардың пікірінше, қазақстандық үлгі халықаралық тәжірибеге сәйкес келеді. өйткені, көптеген мемлекеттерге жергілікті мемлекеттік басқару мен өзін-өзі басқару біріккен аралас жүйе тән",- деді депутат М.Ибенов.

Түркияда жергілікті өзін-өзі басқаруды негізгі әкімшілік-аумақтық бірлікте (илах) орталық билік өкілдері (вали) жүзеге асырады, бірақ сонымен қатар сайланған Бас кеңес пен оның атқарушы органы - Энджомендері бар. Қалалар мен елді-мекендерде бір жағынан ила өкілі болып келетін муниципалды кеңестер, ауылдарда қарттар кеңесі мен староста сайланады.

Ал, ЕҚЫҰ төрағалық ететін Финляндияда мысалы, жергілікті өзін-өзі басқаруды президент тағайындайтын губернатор (ляни) жүзеге асырады.

Изірленген заң жобасы "Нұр Отан" ХДП-ның "Қазақстанның гүлденуі мен қазақстандықтардың игілігі үшін" атты халықтық платформасының басты ережелеріне сәйкес келеді.

Заң жобасын қабылдау конституциялық нормаларды іске асыруға, жергілікті өзін-өзі басқару қызметі мен ұйымдастырылуының заңнамалық негіздерін құруға рұқсат береді, жергілікті мәндегі мәселелерді шешуге жаңа серпін береді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны