22.04.2009, 16:39 2982

Мәжіліс "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жұмыспен қамту және міндетті әлеуметтік сақтандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын мақұлдады

Мәжіліс "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жұмыспен қамту және міндетті әлеуметтік сақтандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын мақұлдады

Астана. 22 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - - Мәжіліс депутаттары бүгін өткен жалпы отырыста "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жұмыспен қамту және міндетті әлеуметтік сақтандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын мақұлдады, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

Заң жобасы жөнінде ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Гүлшара Ибдіхалықова баяндап берді.

Заң жобасы мемлекет басшысының 2009 жылғы 6 наурыздағы "Дағдарыс арқылы жаңаруға және дамуға" атты Қазақстан халқына жолдауын іске асыру мақсатында дайындалған.

Заң жобасында Еңбек кодексіне, "Халықты жұмыспен қамту туралы" және "Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы" заңдарға толықтырулар енгізу ұсынылады.

Заң жобасындағы түзетулер жұмыспен қамту және міндетті әлеуметтік сақтандыру саласындағы жүйені жетілдіруге бағытталған құқықтық, экономикалық және ұйымдық сипаттағы шаралар кешенін әзірлеуді көздейді. Заң жобасы халықтың өнімді жұмыспен қамтылуын дамытуға, жұмыссыздық деңгейін азайту үшін жағдай жасауға, жұмыссыздарды және жұмыс уақытының толық емес режимінде жұмыс істейтін қызметкерлерді әлеуметтік қолдауға, сондай-ақ 2009 - 2010 жылдар кезеңінде жұмысынан айрылған азаматтардың әлеуметтік қорғалуын арттыру үшін қажетті жағдай жасауға бағытталған. Заң жобасын қабылдау қосымша қаржы шығындарын көздемейді. Мемлекет басшысының жолдауында өңірлік жұмыспен қамтуды және кадрларды өайта даярлауды қамтамасыз ету үшін кемінде 140 миллиард теңге ақшалай қаражат бөлу көзделген. Заң жобасы мәжіліс депутаттары тарапынан қолдау тауып, мақұлданды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны