25.02.2009, 18:46 3075

Мәжіліс "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зияткерлік меншік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын мақұлдады

Мәжіліс "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зияткерлік меншік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын мақұлдады

Астана. 25 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Мәжіліс депутаттары бүгін өткен жалпы отырыста "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зияткерлік меншік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын мақұлдады, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Қандай толықтырулар енгізіліп отырғаны жөнінде ҚР Иділет министрі Зағипа Балиева баяндама жасап, түсінік берді. Осы мәселе бойынша министр депутатардың сұрақтарына жауап қайтарды. Бұл заң жобасының мақсаты - "Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы" заңын әдеби және көркем туындыларды қорғау жөніндегі Берн конвенциясының ережелеріне сәйкес келтіру, заңның өзіндегі ішкі қарама-қайшылықтарды жою. Және де Қазақстанның Дүниежүзілік Сауда Ұйымына кірген жағдайда зияткерлік меншік құқықтарының сауда аспектілері туралы келісімге Қазақстанның қосылу мүмкіндігін қамтамасыз ету болып табылады.

Атап айтқанда, көрсетілген өзгерістер мен толықтырулар қорғалатын объектіге қол жеткізуді бақылайтын, құқық иеленуші рұқсат етпеген әрекеттердің жасалуына жол бермейтін немесе шектейтін техникалық құралдарға қатысты болып отыр.

Заң жобасы мемлекеттік органдардың, қоғамдық және өзге де ұйымдардың ұсыныстары негізінде зияткерлік меншікті қорғаудың әлемдік жүйесін дамыту үрдісі ескеріліп әзірленген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны