17.06.2009, 17:20 2830

Мәжіліс "Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексіне алдын ала тергеуді және анықтауды жеңілдетілген тәртіппен жүргізу мәселелері бойынша өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады

Мәжіліс "Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексіне алдын ала тергеуді және анықтауды жеңілдетілген тәртіппен жүргізу мәселелері бойынша өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады

Астана. 17 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар бүгін "Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексіне алдын ала тергеуді және анықтауды жеңілдетілген тәртіппен жүргізу мәселелері бойынша өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі.

Заң жобасы туралы ҚР Ішкі істер министрі Серік Баймағанбетов баяндама жасады.

Қылмыстық іс жүргізу заңнамасы азаматтардың конституциялық құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға барынша кепілдік беруге ғана тиіс емес. Сонымен бірге бұл ретте құқық қолдану рәсімі бұзылған құқықтарды тез қалпына келтіруге бағытталуы, құқық қолдану қызметімен айналысатын адамдар оны жедел орындауы тиіс.

Шағын және орташа ауырлықтағы қылмыстар туралы қылмыстық істерді тергеу тәртібін жеңілдету туралы заңның өзектілігі мен қажеттілігі қылмысқа қарсы күрес саласында қалыптасқан объективті жағдайларға байланысты туындады. Қылмыстық әділеттің ұлттық жүйесі құқық бұзушылықтар санының өсуіне шамасы келмеуде. Оған белгілі бір дәрежеде, ең алдымен қылмыстық процестің сотқа дейінгі сатысында, құқыққа қарсы әрекет жасаған адамдарды қылмыстық жауапкершілікке тартудың күрделі заңгерлік рәсімдері елеулі кедергі болуда.

Еліміздің 1997 жылғы Қылмыстық іс жүргізу кодексі негізінен қылмыстық істерді алдын ала тергеу тәртібін, екі дәстүрлі нысанды: анықтауды және алдын ала тергеуді көздей отырып саралайды. Тұтас алғанда, қылмыстық істерді формальды реттелген сотқа дейінгі тергеу өз беделін түсірген жоқ. Алайда, оны сот рәсімдеріне неғұрлым толық сәйкес келтіру бағытында одан әрі жетілдіру қажет.

Мәжілістің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі Рамазан Сәрпеков қосымша түсінік берді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны