27.05.2009, 17:50 2899

Мәжіліс "Қазақстан Республикасының Қылмыстық, Қылмыстық іс жүргізу және Азаматтық іс жүргізу кодекстеріне сот жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады

Мәжіліс "Қазақстан Республикасының Қылмыстық, Қылмыстық іс жүргізу және Азаматтық іс жүргізу кодекстеріне сот жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады

Астана. 27 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Мәжіліс депутаттары бүгін өткен жалпы отырыста "Қазақстан Республикасының Қылмыстық, Қылмыстық іс жүргізу және Азаматтық іс жүргізу кодекстеріне сот жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

Заң жобасы сот жүйесін оңтайлы үш буынды жүйе құру арқылы жаңғыртуға, қылмыстық істер бойынша мамандандырылған соттардың соттауына жататын істерді айқындауға бағытталған. Бұл соттар енді бірінші сатыда, оның ішінде алқа билердің қатысуымен неғұрлым күрделі қылмыстық істерді қарайтын болады. Заң жобасы істерді апелляциялық, кассациялық және қадағалау сатыларында қарау ерекшеліктерін де регламенттеп, қылмыстық процеске қатысушылар құқықтарының қорғалуына қосымша кепілдік берілуін қамтамасыз етеді.

Заң жобасының мақсаты туралы Жоғарғы Соттың Қылмыстық істер жөніндегі алқасының төрағасы Ибдірашит Жүкенов баяндама жасады. Мәжілістің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі Жақып Асанов қосымша баяндама жасады.

Заң жобасында қылмыстық істер бойынша мамандандырылған, бірінші сатыдағы сот ретіндегі, ауданаралық соттар және гарнизондардың бірінші сатыдағы сот ретіндегі, мамандандырылған әскери соттары секілді жаңа мамандандырылған соттар енгізіледі. Олардың алғашқысының соттауына аса ауыр қылмыстар бойынша істерді қарау жатқызылады.

Бірінші және апелляциялық сатылардағы соттарда қылмыстық істерді алқада қараудың алып тасталуы осы заң жобасының новелласы болып табылады. Алқабилер қатысатын соттың соттауына жататын істерді қоспағанда, енді барлық істерді судья жеке-дара қарайтын болады.

Заң жобасына сәйкес облыстық сот - апелляциялық және кассациялық сатыдағы сот ретінде ғана, ал Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты қадағалау сатысындағы сот ретінде ғана әрекет ететін болады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны