17.06.2009, 17:34 2331

Мәжіліс "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Араб Имірліктерінің Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасы Астана қаласы Ибу-Даби Плаза кешенін салуға қатысты келісімді ратификациялау туралы" заң жобасын мақұлдады

Мәжіліс "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Араб Имірліктерінің Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасы Астана қаласы Ибу-Даби Плаза кешенін салуға қатысты келісімді ратификациялау туралы" заң жобасын мақұлдады

Астана. 17 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Мәжіліс депутаттары бүгін өткен жалпы отырыста "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Араб Имірліктерінің Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасы Астана қаласы Ибу-Даби Плаза кешенін салуға қатысты келісімді ратификациялау туралы" заң жобасын мақұлдады, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі.

Бұл заң жобасы Қазақстан президентінің 2009 жылғы 16-17 наурызда Біріккен Араб Имірліктеріне ресми сапарының қорытындылары бойынша қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру мақсатында әзірленді.

Заң жобасының мақсаты Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Араб Имірліктерінің Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасы Астана қаласы Ибу-Даби Плаза кешенін салуға қатысты келісімді ратификациялау (бұдан әрі - Келісім) және кейіннен Ибу-Даби Плаза кешенін салу болып табылады, жобаның аяқталу мерзімі - 2014 жыл.

Жобаны іске асыру жалпы сомасы 1,8 млрд. АҚШ доллары болатын инвестициялар тартуды көздейді.

Келісімнің ережелерінде "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасының Кодексінде, Қазақстан Республикасының Кеден кодексінде, сондай-ақ "Халықты жұмыспен қамту туралы" және "Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы" Қазақстан Республикасының заңдарында қамтылғандардан өзге ережелер көзделеді.

Бұдан басқа, Келісімде Біріккен Араб Имірліктерінің Үкіметінің Қазақстан Үкіметінен осы Келісімді қазақстандық заңнамаға сәйкес ратификациялағаны туралы ресми хабарлама алған күні күшіне енетін күнді білдіретіні көзделген. Мәжіліс депутаттары заң жобасын мақұлдау жөнінде дауыс берді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны