17.11.2009, 15:24 2751

Мәжіліс "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай халық Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан - Қытай газ құбырын салу мен пайдаланудағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы" заң жобасын мақұлдады

Мәжіліс "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай халық Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан - Қытай газ құбырын салу мен пайдаланудағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы" заң жобасын мақұлдады

Астана. 17 қараша. Kazakhstan Today - Мәжіліс депутаттары бүгін өткен жалпы отырыста "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай халық Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан - Қытай газ құбырын салу мен пайдаланудағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы" заң жобасын мақұлдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Энергетика және минералды ресурстар министрінің орынбасары Исет Мағауов заң жобасы бойынша баяндама жасады.

Мәжілістің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің қорытындысына сәйкес, келісімнің негізгі мақсаты - түркімен және қазақстан газын Қазақстан Республикасы мен Қытай халық Республикасының аумақтарындағы жаңа газ көлігі қуаттары арқылы тасымалдау жөніндегі ұзақ мерзімді ынтымақтастықты дамыту. Осы Келісімді іске елдің транзиттік әлеуетін арттыруға, Қазақстан газының экспорттық маршрутын әртараптандыруға, ішкі нарықты өз газымен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, жаңа жұмыс орындарын құруды қамтамасыз етеді.

Екі ел арасынан жүргізілетін құбырдың 1300 шақырымы Қазақстан жерінен жүреді. Келісімге сәйкес Газ құбыры екі уческеден тұрады. Біріншісі - газ құбырының Өзбекстан Республикасы мен Қазақстан Республикасы шекарасынан Шымкент арқылы және Қытай халық Республикасына, Қорғасқа дейінгі (КХР аумағында) өткізу қуаты жылына 40 млрд текше метр уческесі, екіншісі - Бейнеу - Бозой - Қызылорда - Шымкент газ құбырының өткізу қуаты жылына 10 млрд текше метр учаскесі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны