09.11.2016, 18:29 3827

Мәжіліс Қазақстандағы медициналық сақтандыруды енгізу мерзімін өзгерту туралы заӊ жобасын бірінші оқылымда мақұлдады

Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісініӊ жалпы отырысында палата депутаттары "ҚР кейбір заӊнамалық актілеріне міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" ҚР Заӊыныӊ жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.

Астана. 9 қараша. Kazakhstan Today - Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісініӊ жалпы отырысында палата депутаттары "ҚР кейбір заӊнамалық актілеріне міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" ҚР Заӊыныӊ жобасын бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігініӊ баспасөз қызметі.

Заӊ жобасы Илеуметтік медициналық сақтандыру қорына (әрі қарай - Қор) төленетін аударымдар мен жарналардыӊ төлеу мерзімін өзгертуді, осыған байланысты міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (әрі қарай - МИМС) жүйесініӊ барлық процестерініӊ іске қосылуыныӊ мерзімін өзгертуді қарастырады.

Осылайша, мемлекеттіӊ Қорға аударатын жарнасыныӊ мерзімін 2017 жылғы 1 шілдеден 2018 жылдыӊ 1 қаӊтарына ауыстыру ұсынылып отыр.

Азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыс алатын жұмыс берушілердіӊ, жеке кәсіпкерлердіӊ, жеке нотариустардыӊ, жеке сот орындаушыларыныӊ, адвокаттардыӊ, кәсіби медиаторлардыӊ, жеке тұлғалардыӊ Қорға төлейтін аударымдары мен жарналарыныӊ мерзімін 2017 жылғы 1 қаӊтардан 2017 жылғы 1 шілдеге ауыстыру жоспарланып отыр.

МИМС жүйесінде медициналық көмек көрсету үшін Қордан төленетін ақы 2018 жылғы 1 қаӊтардан басталады. Сондай-ақ, МИМС жүйесіндегі жеке тұлғалардыӊ "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" ҚР Заӊыныӊ 5,6, және 7 баптарында қарастырылған медициналық көмек алу мен денсаулық сақтау ұйымын таӊдау құқықтары 2018 жылғы 1 қаӊтардан бастап жүзеге асырыла бастайды.

Сонымен бірге, аталған заӊ жобасы интернат санатына жатпайтын орта білім беру ұйымдарындағы оқушыларға медициналық қызмет көрсетуді білім беру жүйесінен денсаулық сақтау, яғни, емханаларға беру бойынша "Білім туралы" ҚР Заӊына өзгерістер мен толықтырулар енгізуде.

Естеріӊізге сала кетейік, 2015 жылғы 18 қарашада ҚР Президенті Ұлт жоспары - бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадамыныӊ 80 қадамын жүзеге асыру шаралары аясында жасалған "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" ҚР Заӊына қол қойды. Аталған құжат үздік халықаралық тәжірибені ескере отырып, Қазақстанда мемлекет, жұмыс беруші және әрбір адамныӊ ынтымақты жауапкершілігініӊ негізінде медициналық сақтандыру жүйесін енгізуді қарастырмақ.

Мектеп жасындағы балалардыӊ денсаулығын нығайту мен қорғау, оқушылардыӊ сапалы және қолжетімді, аурулардыӊ алдын алуға бағытталған медициналық көмек қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында ҚР Президентініӊ 2016 жылғы 15 қаӊтарда бекіткен ҚР денсаулық сақтау саласын дамытудыӊ 2016-2019 жылдарға арналған "Денсаулық" мемлекеттік бағдарламасында денсаулық сақтау жүйесіндегі мектеп медицинасын әрі қарай дамыту қарастырылған.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны