13.12.2006, 14:31 2861

Мәжіліс Кеден кодексіне енгізілетін түзетулерді мақұлдады

АСТАНА. 13-желтоқсан. Kazakhstan Today. Бүгін өткен мәжілістің жалпы отырысында депутаттар "Кеден кодексіне өзгерістер енгізу туралы" заң жобасын алғашқы оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Заң жобасының басты мақсаты - кеден заңнамасының нормаларын Дүниежүзілік сауда ұйымының талаптарына сәйкестендіруге бағытталады",- деді заң жобасын депутаттарға таныстырған өаржы министрі Наталья Коржова.

Атап айтсақ, заң жобасымен тауарды шығарған елі анықталмаған жағдайда елге әкелінген тауардан кедендік баж салығын екі еселенген көлемде алу жөніндегі норма алып тасталды.

Бұған қоса шекара арқылы өтетін тауарлардың кедендік құны бойынша алдын-ала шешім беру жөніндегі тәртіп алынды. "Осынау өзгерісті енгізудің орындылығы тауарлардың кедендік құнының тауарды экспортқа шығарғанда оны импорттаған елде сол тауарды сату құнына немесе сатылуға тиісті құнына негізделетіндігіне байланысты",- деді Н.Коржова.

Заң жобасы екінші оқылымға дайындау үшін салалық комитетке жолданды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны