10.10.2012, 18:05 3047

Мәжіліс Кеден одағына мүше елдердегі кеден қызметіне қатысты келісімді ратификациялады

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, келісімге сәйкес, Кеден одағына мүше мемлекеттер басқа тараптардың аумағында Кеден қызметтерінің өкілдігін құрады. Кеден қызметі өкілдігі осы өкілдікті құрған тарап заңнамасының негізінде әрекет ететін болады.

Астана. 10-қазан. Kazakhstan Today - парламент Мәжілісінің депутаттары "Еуропалық экономикалық қауымдастық шеңберінде Кеден одағына мүше мелекеттердің кеден қызметтері өкілдіктерінің қызметі мәселелері бойынша кеден істеріндегі ынтымақтастық және өзара көмек көрсету туралы келісімді ратификациялау туралы" ҚР Заң жобасын мақұлдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, келісімге сәйкес, Кеден одағына мүше мемлекеттер басқа тараптардың аумағында Кеден қызметтерінің өкілдігін құрады. Кеден қызметі өкілдігі осы өкілдікті құрған тарап заңнамасының негізінде әрекет ететін болады.

Кеден қызметі өкілдігінің құрамын, санын және құрылымын оны құрған тараптың кеден қызметі айқындайды.

Тараптар Кеден қызметінің өкілдігін ақысыз, тең қызметтік үй-жайлармен қамтамасыз ету жөнінде міндеттеме алады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны