14.09.2011, 11:20 3579

Мәжіліс Кеден одағының комиссиясы туралы шартқа өзгерістер енгізуге қатысты заң жобасын мақұлдады

Отырыс барысында аталмыш құжат бойынша баяндама жасаған ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Қайрат Сарыбайдың айтуынша, аталмыш хаттама 2010 жылғы 9 желтоқсанда Мәскеуде Кеден одағына қатысушы мемлекеттер арасында жасалды.

Астана. 14-қыркүйек. Kazakhstan Today - бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында депутаттар "2007 жылғы 6 қазандағы Кеден одағының комиссиясы туралы шартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы" заң жобасын мақұлдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, отырыс барысында аталмыш құжат бойынша баяндама жасаған ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Қайрат Сарыбайдың айтуынша, аталмыш хаттама 2010 жылғы 9 желтоқсанда Мәскеуде Кеден одағына қатысушы мемлекеттер арасында жасалды. Хаттаманың бірінші бабына сәйкес Кеден одағының және оның органдарының тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында Кеден одағының комиссиясы жекелеген мәселелер бойынша тараптардың ұсыныстарын қарау мен ұстанымдарын келісу, сондай-ақ тиісті комиссияға ұсынымдар даярлау үшін үйлестіруші және консультативтік органдар құруға құқылы.

Сондай-ақ хаттаманың екінші бабына сәйкес комиссияның міндетті сипаты бар шешімдері ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

Заң жобасын отырыс барысында депутаттар бірауыздан қолдады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны