16.06.2010, 17:29 3704

Мәжіліс Кедендік одаққа қатысты бірқатар келісімдерді мақұлдады

Атап айтқанда мәжіліс депутаттары "Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Кедендік одақ құру аясындағы халықаралық келісімдерді қолдану туралы келісімді ратификациялау туралы" заң жобасын мақұлдады. Аталмыш келісімге 2010 жылдың мамырында Ресей мен Қазақстан арасындағы үкімет басшылары деңгейінде өткен ЕурАзЭҚ Мемлекетаралық кеңесінің отырысы барысында қол қойылған болатын.

Астана. 16-маусым. Kazakhstan Today Бүгін ҚР парламентінің мәжіліс депутаттарының жалпы отырысында Кедендік одақ құруға байланысты бірқатар келісімдерді ратификациялау туралы заң жобалары мақұлданды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігі.

Атап айтқанда мәжіліс депутаттары "Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Кедендік одақ құру аясындағы халықаралық келісімдерді қолдану туралы келісімді ратификациялау туралы" заң жобасын мақұлдады. Аталмыш келісімге 2010 жылдың мамырында Ресей мен Қазақстан арасындағы үкімет басшылары деңгейінде өткен ЕурАзЭҚ Мемлекетаралық кеңесінің отырысы барысында қол қойылған болатын.

Сонымен қатар, мәжіліс депутаттарының жалпы отырыс барысында "Кеден одағының кедендік аумағы арқылы теміржол көлігімен өткізілетін тауарлардың кедендік транзитінің ерекшеліктері туралы келісімді ратификациялау туралы" заң жобасын мақұлдады.

Сондай-ақ, мәжіліс депутаттары бүгінгі отырыста "Кеден одағына мүше мемлекеттердің кеден органдары мен өзге де мемлекеттік органдары арасында ақпарат алмасуға қойылатын талаптар туралы келісімді ратификациялау туралы", "Кеденнің кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар мен көлік құралдары туралы алдын ала ақпаратты ұсыну және алмасу туралы келісімді ратификациялау туралы", "Кеден одағының кедендік аумағы арқылы теміржол көлігімен өткізілетін тауарлардың кедендік транзитінің ерекшеліктері туралы келісімді ратификациялау туралы", "Кедендік транзиттің кедендік рәсіміне сәйкес тасымалданатын тауарларға қатысты кедендік баждарды, салықтарды төлеуді қамтамасыз етуді ұсынудың кейбір мәселелері, кедендік баждарды, салықтарды өндіріп алудың ерекшеліктері және осындай тауарларға қатысты өндіріп алынған соманы аудару тәртібі туралы келісімді ратификациялау туралы", "Кеден одағына мүше мемлекеттердің кеден органдарының өзара әкімшілік көмегі туралы келісімді ратификациялау туралы", сондай-ақ, "Кедендік баждарды төлеу мерзімдерін өзгерту негіздемелері, шарттары және тәртібі туралы келісімді ратификациялау туралы" заң жобаларын мақұлдады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны