18.06.2014, 21:23 2725

Мәжіліс Кедендік одақтың шекарасындағы бақылау функцияларын кеден органдарына беру мәселесі бойынша заңнамалық өзгертулер жобасын екінші оқылымда мақұлдады

Бүгін Мәжіліс "ҚР кейбір заңнамалық актілеріне Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттерінде ветеринариялық-санитариялық бақылау және өсімдіктер карантині бойынша бақылау функцияларын кеден органдарына беру мәселесі бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын екінші оқылымда мақұлдады.

Алматы. 18 маусым. Kazakhstan today. Бүгін Мәжіліс Қабиболла Жақыповтың төрағалығымен өткен жалпы отырыста "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттерінде ветеринариялық-санитариялық бақылау және өсімдіктер карантині бойынша бақылау функцияларын кеден органдарына беру мәселесі бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын екінші оқылымда мақұлдады.

Мәжілістің Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі Зухра Саяпова заң жобасымен жұмыс барысында депутаттар көлік-логистика орталықтарын жайластыру және техникалық жарақтандыру жөніндегі үлгілік талаптарды әзірлеу және бекіту бойынша құзыретті айқындау, сондай-ақ кеден органдарын өзіне тән емес функциялардан босату жөнінде түзетулер енгізді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны