31.03.2010, 12:52 3522

Мәжіліс кейбір заңдарға қызметі үшінші тұлғаларға зиян келтіру қаупімен байланысты объектілер иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру мәселелері бойынша енгізілетін түзетулерді мақұлдады

Мәжіліс кейбір заңдарға қызметі үшінші тұлғаларға зиян келтіру қаупімен байланысты объектілер иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру мәселелері бойынша енгізілетін түзетулерді мақұлдады

Астана. 31 наурыз. Kazakhstan Today - Мәжіліс депутаттары бүгін өткен жалпы отырыста "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қызметі үшінші тұлғаларға зиян келтіру қаупімен байланысты объектілер иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы бойынша мәжіліс пен сенат арасындағы келіспеушіліктерді еңсеру жөніндегі келісім комиссиясының ұсыныстарымен келісті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, бұл заң жобасының аясында сақтандыру сомаларын ұлғайту, оны қауіпті өндірістік нысандар әсерінің нәтижесінде зардап шегушілердің ықтимал санына байланысты белгілеу, міндетті сақтандыру шартын бекіту, оның іс-қимылы және күшін тоқтату жағдайларын нақтылау, сондай-ақ сақтанушының, сақтандырушының және үшінші тұлғалардың құқықтары мен міндеттерін нақтылау ережелері белгіленген.

Заң жобасымен Икімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске, "Қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы", "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бюджет процесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңдарға өзгерістер енгізілетін болды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны