11.06.2008, 14:08 1429

Мәжіліс "Кейбір заңнамалық актілерге діни сенім-наным еркіндігі және діни бірлестіктер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады

Мәжіліс "Кейбір заңнамалық актілерге діни сенім-наным еркіндігі және діни бірлестіктер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады

Астана. 11 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Мәжілістің бүгін өткен жалпы отырысында депутаттар "Кейбір заңнамалық актілерге діни сенім-наным еркіндігі және діни бірлестіктер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Заң жобасы қазіргі бар кейбір шектеулерді жоюға бағытталған", -деп түсіндірді, заң жобасын депутаттарға таныстырған жоба авторларының бірі мәжіліс депутаты Берік Бекжанов.

Оның айтуынша, "заң жобасында діни бірлестіктер мен діни топтарға айрықша назар аударылып, оларды құру, тіркеу және іс-қызметін жүргізу мәселелері реттеледі".

Сондай-ақ, заң жобасында "дінтанушылық сараптаманы уәкілетті орган жүргізетіндігі қарастырылған".

Заң жобасымен діни ілімдерді насихаттау, діни әдебиетті тарату мәселелері регламенттеледі.

Мәжілістің халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі комитетінің қорытындысында атап көрсетілгеніндей, заң жобасында діни сенім-наным еркіндігі және діни бірлестіктер жөніндегі заңнаманы бұзғаны үшін жүктелетін жауапкершілік белгіленеді.

Сондай-ақ, "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы" заңға енгізілетін түзетулермен діни бірлестікті тіркеу немесе қайта тіркеуден бас тартатын қосымша негіздер белгіленеді.

Қорытындыда атап көрсетілгеніндей, мәжіліс депутаттары заң жобасына бірқатар ұсыныстар енгізді. Атап айтсақ, "депутат Темірболатов заң жобасын толықтырып, діни бірлестік мүшелерінің мемлекеттік органдардың іс-қызметіне заңсыз араласқаны үшін жауапкершілік белгілеуді ұсынады". " Мәжілістің халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі және аграрлық мәселелер жөніндегі комитеттері, депутаттар Бұрханов пен Темірболатов заң жобасынан діни бірлестіктердің құпия тұлғалардан, сондай-ақ, шетел азаматтары мен ұйымдарынан қаржылай көмек және басқа да қайырымдылық көмек түрлерін алуына жол бермеу жөніндегі норма мен қайырмалдықты тек бақылау-касса аппараттарын пайдалану арқылы алуды міндеттеу және қайырмалдықты жергілікті атқарушы билік органдарының қатысуымен есепке алуды жүргізу жөніндегі норманы алып тастауды ұсынады", - делінген қорытындыда.

Заң жобасы екінші оқылымға дайындау үшін мәжілістің салалық комитетіне ұсынылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны