31.01.2007, 16:30 6613

Мәжіліс келісім комиссиясының бухгалтерлік есеп туралы заңға қатысты шешімін мақұлдады

АСТАНА. 31-қаңтар. Kazakhstan Today. Бүгін мәжілістің алқа отырысында депутаттар парламент палаталарының келісім комиссиясының "Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы" жаңа заң жобасына қатысты шешімін мақұлдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Келісім комиссиясы сенаттың редакциясына үш өзгерту, бірлескен редакцияға он өзгерту қабылдады", дейді мәжіліс депутаты Нұртай Сәбилянов. Оның айтуынша, аталған өзгертулер "заң жобаны барынша жақсарта түседі".

Осыған дейін хабарлағанымыздай, заң жобасы есеп саласын өз бетінше ретке келтіретін элементтерді енгізу және тәртіпке салу мақсатында қолданыстағы бухгалтерлік есепті реттеу және қаржылық есеп берушілік жүйесіне тұжырымдамалық өзгеріс енгізеді.

Заң жобасында көрсетілген ережелер, қаржылық есеп берушілік стандарттарына міндетті түрде қолданылатын нормативті құқықтық акті мәртебесін бекітеді. Сонымен қатар, құжат республика заңдарының халықаралық қаржылық есеп беру стандарттарының талаптарына сәйкестігіне қайтадан сараптама жасауды көздейді.

Заң жобасы бухалтерлік есеп пен қаржылық есеп беруді реттеу жүйесіне кіретін кеңестік орган құруды ұсынады. Аталған органның құрамына мүдделі мемлекеттік орган өкілдері, бухалтерлік есеп және аудит заңдылықтары саласындағы кәсіби ұйымдардың мүшелері кіретін болады. Кеңестік орган бухалтерлік және қаржылық есеп мәселелері бойынша құқықтық актілерді әзірлеуге атсалысуға құқылы.

Мәжіліс депутаттары келісім комиссиясының "ҚР бухалтерлік және қаржылық есеп беруі жөніндегі кейбір заң актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" ілеспелі заң жобасына қатысты шешімін мақұлдады.

Заң шығару процедурасына сәйкес, келісім комиссиясының шешімін сенат мақұлдауы керек, осыдан кейін ғана парламент заңды қабылдаған болып есептеледі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны