05.02.2014, 21:12 9442

Мәжіліс қылмыстық іс жүргізу кодексінің жобасын бірінші оқылымда мақұлдады

Кодекс жобасында қылмыстық қудалауды бастау рәсімін оңайлату, тергеу және анықтау органдарының азаматтардың конституциялық құқықтарын қозғайтын іс жүргізу әрекеттерін дербес қабылдау жөніндегі өкілеттіктерінің аясын тарылту, адвокаттың сотқа дейінгі іс жүргізуден бастап қатысуын кеңейту көзделеді.

Алматы. 5 ақпан. Kazakhstan today. Бүгін Палата Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен өткен жалпы отырыста Мәжіліс Қылмыстық іс жүргізу кодексінің жобасы кейбір конституциялық заңдар және қылмыстық-іс жүргізу заңнамасы бойынша кейбір заңнамалық актілер ілеспе түзетулерімен бірінші оқылымда мақұлдады.

ҚР Парламент Мәжілісінде хабарлағандай, Кодекс жобасында қылмыстық қудалауды бастау рәсімін оңайлату, тергеу және анықтау органдарының азаматтардың конституциялық құқықтарын қозғайтын іс жүргізу әрекеттерін дербес қабылдау жөніндегі өкілеттіктерінің аясын тарылту, адвокаттың сотқа дейінгі іс жүргізуден бастап қатысуын кеңейту көзделеді.

Жалпы отырыста заң жобасы бойынша қосымша баяндама жасаған жұмыс тобының жетекшісі Рамазан Сәрпеков, Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы, Жоғарғы Соты, Конституциялық Кеңесі, құқық қорғау органдары, министрліктер мен ведомстволар, сондай-ақ қоғамдық және халықаралық ұйымдар өкілдерінің қатысуымен жұмыс тобының жиырма бір отырысы өткізілгенін атап өтті.

Кодекс жобасының ережелері, сондай-ақ, Астана қаласының сотында, Астана қаласының прокуратурасында, Республикалық адвокаттар алқасында, Астана қаласының Ішкі істер департаментінде және Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнаулы есепке алу комитетінде болған отырыстарда да талқыланды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны