29.01.2014, 19:21 21611

Мәжіліс Қылмыстық кодексті ілеспе түзетулерімен бірінші оқылымда мақұлдады

Жаңа редакция қылмыстық жазалау түрлерінің, қылмыс ұғымының түбегейлі түрде өзгертілуіне, пробациялық бақылаудың жетілдірілуіне, бір бөлігі қазіргі таңда қолданыстағы Икімшілік құқық бұзушылық туралы кодексте көзделген және енді қылмыстық-құқықтық салаға ауыстырылып отырған қылмыстық құқық бұзушылықтар институтының енгізілуіне байланысты.

Алматы. 29 қаңтар. Kazakhstan today. Бүгін Палата Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен өткен жалпы отырыста Мәжіліс Қылмыстық кодексті ілеспе түзетулерімен бірінші оқылымда мақұлдады, деп ҚР Парламенті Мәжілісінің баспасөз қызметі хабарлады.

Кодекс жобасы тәжірибе бойынша жауап беретін өз құрылымын сақтайды, оның ішінде: Жалпы және Айрықша бөлімдерінде.

Осы заң жобасын қабылдау, жалпы алғанда, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының, қоғам мен мемлекет мүдделерінің қылмыстық қол сұғушылықтан тиімді түрде қорғалуын қамтамасыз ететінін, құқық бұзушылықтар профилактикасының тиімділігін арттырады.

Қылмыстық кодекс жобасын Мәжілістің Салалық комитеті мен жұмыс тобында талқылауды атап өткен Палата Спикері Нұрлан Нығматулин:

- Ирбір жаңа өзгерістің артында адамның және оның отбасының тағдыры тұр. Сондықтан, жаңа Қылмыстық Кодекс, біріншіден, кез-келген теріс әрекеттерге жол бермеуі керек. Екіншіден, жазалаудың да әділ жолын қарастыруы қажет. Сол кезде ғана бұл заң елімізге де, халқымызға да қызмет ететін болады,- деп нақтылап өтті.

Жаңа редакция қылмыстық жазалау түрлерінің, қылмыс ұғымының түбегейлі түрде өзгертілуіне, пробациялық бақылаудың жетілдірілуіне, бір бөлігі қазіргі таңда қолданыстағы Икімшілік құқық бұзушылық туралы кодексте көзделген және енді қылмыстық-құқықтық салаға ауыстырылып отырған қылмыстық құқық бұзушылықтар институтының енгізілуіне байланысты.

Заң жобасын қабылдау мақсаттары қолданыстағы заңнаманы Қылмыстық кодекстің жаңа редакциясына сәйкес келтіру, әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік негіздерін регламенттейтін заңнамалық актілер арасындағы қарама-қайшылықтар мен коллизияларды болғызбау, әкімшілік және қылмыстық жазаларды орындау тәртібі, қылмыстық жауаптылыққа тартуға байланысты құқықтық шектеулер болып табылады.

Заң жасау барысында салалық Комитет Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты, Бас прокуратурасы, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі, Қазақстан Республикасының Иділет, Ішкі істер, Қорғаныс министрліктері, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі және Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы), сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдар өкілдерінің қатысуымен жұмыс тобының 14 отырысын өткізді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны