22.04.2015, 21:16 3738

Мәжіліс қылмыстық-атқару заӊнамасына енген өзгертулерді қабылдады

Бүгін Палата Спикері Қабиболла Жақыповтыӊ төрағалығымен өткен жалпы отырыста мәжілісмендер бастамасы бойынша әзірленген қылмыстық-атқару заӊнамасын жетілдіру мәселелеріне қатысты заӊ жобасы бірінші оқылымда мақұлданды, деп хабарлады Мәжіліс

Астана. 22 сәуір. Kazakhstan Today - Бүгін Палата Спикері Қабиболла Жақыповтыӊ төрағалығымен өткен жалпы отырыста мәжілісмендер бастамасы бойынша әзірленген қылмыстық-атқару заӊнамасын жетілдіру мәселелеріне қатысты заӊ жобасы бірінші оқылымда мақұлданды, деп хабарлады Мәжіліс, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Тақырып төӊірегінде баяндама жасаған Мәжілістіӊ Заӊнама және сот-құқықтық реформа комитетініӊ хатшысы Светлана Бычкованынӊ атап өткеніндей, заӊ жобасыныӊ негізгі мақсаты- қолданыстағы заӊнаманы Қылмыстық-атқару кодексініӊ ережелеріне сәйкес келтіру. Құжат қылмыстық атқару жүйесі органдары мен жазаны орындау процесіне жұмылдырылған басқа да мемлекеттік органдар арасындағы өзара іс-қимыл жасау тәртібін реттейтін заӊнамалық актілер арасындағы қайшылықтар мен коллизияларды жоюға бағытталған, деп хабарлайды strategy2050.kz тілшісі.

Заӊ жобасын қабылдау-бас бостандығынан айыру орындарынан босатылатын тұлғаларды қайта әлеуметтендіру бойынша неғұрлым тиімді жұмысты қамтамасыз етуге, әлеуметтік қызмет көрсетулер, жұмыспен қамту жүйелерін күшейту, мемлекеттік органдардыӊ сотталғандармен толыққанды және жүйелі жұмыс істеуі арқылы қылмыстыӊ қайталану деӊгейін азайтуға мүмкіндік береді.

"Депутаттарымыз көтеріп отырған осы заӊ жобасында ескеруді қажет ететін маӊызды сұрақ, ол еӊ алдымен жұмыспен қамтамасыз ету. Қазір онымен ешкім айналысып жатқан жоқ. Депутаттардыӊ айтып отырғаны рас, ол негізінен 40-45 жасқа дейінгі жұмысқа қабілетті адамдар. Бұл бойынша сіздерге әлі де жұмыс істеу керек,-деп жұмыс тобына тапсырма берді", - Мәжіліс Төрағасы Қабиболла Жақыпов.

Сонымен қатар, осы күні Мәжіліс депутаттары "Ақпараттандыру туралы" заӊ жобасын, ілеспелі түзетулермен бірінші оқылымда мақұлдады. Заӊ жобасыныӊ мақсаты- ақпараттандыруды ұйымдастырудыӊ қазіргі заманғы халықаралық стандарттарға жауап беретін тиімді жүйесін заӊнамалық тұрғыдан енгізу арқылы қазақстандық қоғамды ақпараттандыруды одан әрі жетілдіру.

Құжатта негізгі ұғымдардыӊ мәні ашылып, ақпараттандыру саласындағы қоғамдық қатынастарды мемлекеттік реттеудіӊ қағидаттары, мақсаттары мен міндеттері айқындалады. Осы мәселе бойынша жұмыс тобыныӊ 12 отырысы өткізіліп, депутаттардан 400-ге жуық ұсыныс түскен. Ілеспелі құжатта көрсетілгендей, заӊ жобасы 6 кодекс пен 19 заӊға, сондай-ақ, басқа да заӊнамалық актілерге қолданыстағы нормаларды негізгі заӊ жобасыныӊ ережелерімен үндестіру үшін өзгерістер мен толықтырулар енгізуді талап етеді.

Осы күні екі ратификациялық құжат мәжілісмендердіӊ оӊ бағасын алды. Олар: Қазақстан мен Қырғыз арасындағы Шекара ауданындағы сенім шаралары жөніндегі келісімді және Шекара өкілдерініӊ қызметі туралы қазақстандық-қырғызстандық үкіметаралық келісімді ратификациялау .

Келісімдер мемлекеттік шекара ауданында өзара сенімді нығайтудыӊ, шекарада тұрақтылықты ұстап тұруға, құқыққа қарсы қызметтіӊ жолын кесуге бағытталған шекаралық ынтымақтастықты дамытудыӊ құқықтық негізін жасау, сондай-ақ Келісім Тараптарыныӊ біріне залал келтіруі мүмкін дүлей зілзалалар жағдайында уақтылы хабардар ету және көмек көрсету, шекарадағы тосын оқиғалардыӊ алдын алу және осындай оқиғалар туындаған жағдайда оларды реттеу, мемлекеттік шекара режимін сақтап тұру жөніндегі мәселелерді шешу, сондай-ақ қару-жарақ пен есірткі құралдарыныӊ контрабандасына қарсы күрес жөнінде бірлескен шаралар қабылдау мақсатында шекара өкілдері қызметініӊ құқықтық негізін құруды көздейді.

Сонымен қатар, бүгін халық қалаулылары "Азаматтық немесе сауда істері бойынша сот құжаттары мен соттан тыс құжаттарды шетелде тапсыру туралы конвенцияны ратификациялау туралы" заӊ жобасы бойынша қорытынды әзірлеу мерзімін тағайындады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны