27.06.2012, 16:21 3003

Мәжіліс Қырғызстанмен екі елдің азаматтарының ел аумағына келу тәртібі туралы келісімін ратификациялады

Аталған келісім 2012 жылғы 11 мамырда Астана қаласында жасалған. Және құжат екі ел арасындағы достықты нығайтуды, екі ел азаматтарының қарым-қатынасын реттеуді көздейді.

Астана. 27-маусым. Kazakhstan Today - Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасы Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасы азаматтарының Қырғыз Республикасы аумағында және Қырғыз Республикасы азаматтарының Қазақстан Республикасының аумағында болу тәртібі туралы келісімді ратификациялау туралы заң жобасын мақұлдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Аталған келісім 2012 жылғы 11 мамырда Астана қаласында жасалған. Және құжат екі ел арасындағы достықты нығайтуды, екі ел азаматтарының қарым-қатынасын реттеуді көздейді. Келісімге сәйкес бір мемлекеттің аумағында жүрген екінші мемлекеттің азаматы өзі келген мемлекеттің ұлттық заңнамасына сәйкес әділетті органдарға тіркелуге міндетті.

Ал келуші азаматтарды тіркеу екінші мемлекеттің шекарасынан өткен кезден бастап 90 тәуліктен аспайтын мерзімге жүргізіледі. Бұл мерзім дәл осындай 90 тәулікке кейіннен ұзартылуы мүмкін. Ал келуші азаматтар 5 күн ішінде ішкі істер органдарында тіркелуі тиіс.

Мәжіліс мақұлдаған заң жобасы Парламент Сенатына жолданады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны