26.01.2010, 16:46 3124

Мәжіліс комитетінде "Жер қойнауы мен жер қойнауын пайдалану туралы" үкімет әзірлеген заң жобасы қаралды

Мәжіліс комитетінде "Жер қойнауы мен жер қойнауын пайдалану туралы" үкімет әзірлеген заң жобасы қаралды

Астана. 26 қаңтар. Kazakhstan Today - Бүін Мәжілістің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің кеңейтілген отырысында "Жер қойнауы мен жер қойнауын пайдалану туралы" үкімет әзірлеген заң жобасы қаралды, деп хабарлайды Kazakhstan Today палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, аталған заң жобасы бойынша депутат Валерий Котовичтің жетекшілігімен 41 жұмыс тобының отырысы өтті. Оған 1700 ұсыныс түсіп, оның 667 түзетуі енгізілді.

"Жер қойнауын дұрыс пайдалану халықтың тұрмысын, еліміздің экономикасын жақсартады, инвистициялық ахуалға әсер етеді, сондықтан бүгін өте маңызды заң жобасын қарамақшымыз",- деп бастады отырысты комитет төрағасы Ерлан Нығматулин.

Бас қосуда "Жер қойнауы мен жер қойнауын пайдалану туралы" үкімет әзірлеген заң жобасы бойынша негізгі баяндаманы ҚР Энергетика және минералдық ресурстар министрі Сауат Мыңбаев жасады.

Қолданыстағы заң 1996 жылы қабылданған. Содан бері он төрт жылдай өтіп, жағдай өзгерді. Заңға бірсыпыра өзгерістер енгізгенімен жұмыс істеу барысында жаңа заң қажеттілігі алда тұрды. Соған орай аталған заң жобасы жасалды. Сол жобадағы негізгі позициялар жайында министр депутаттарға айтып берді.

Заң жобасында ҚР Үкіметінің, құзыретті органның, сондай-ақ жер қойнауын пайдалану саласындағы өзге де мемлекеттік органдардың функциялары нақтыланған. Сонымен бірге Мемлекеттің басым құқықтарын жүзеге асыру жөніндегі ведомствоаралық комиссияның пайдалы қазбалар қорларының сараптамалық комиссияның жер қойнауын пайдалану құқығын берумен байланысты комиссияның қызметтері толық регламенттеледі. Бұл комиссиялар факті бойынша бар. Алайда қолданыстағы заңда олар жоқ, бұл құқықтық қайшылыққа алып келеді.

Заң жобасы конкурстық ұсынысты екі топқа бөлуді болжайды. Біріншісі - ең аз қажетті талаптардың тізбесі. Екіншісі - жеңімпазды анықтау критерийлері. Бастапқыда заң жобасы барлау мен өндіруге арналған бөлек келісім-шарттарды көздеді. Осы мәселеде депутаттар алаңдаушылық білдіріп, болуы мүмкін бірлескен барлау мен өндіру туралы норма, операция түрі ретінде қалпына келтірілді. Сонымен бірге былтырғы жылдың соңында Салық кодексіне енгізілген өзгерістердің нәтижесінде барлау сатысынан өндіру сатысына көшу кезінде қол қойылатын бонусты (65 бап) төлеуден босату бөлігінде, барлауға келісімшарт негізінде кен орнын тауып алған және бағалаған тұлғамен өндіруге келісімшартты жасасқан кезінде қаралып отырған заңнамада тиісті норманы түзеу қажет болды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны