28.05.2008, 14:21 2724

Мәжіліс концессия мәселелері жөніндегі заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады

Мәжіліс концессия мәселелері жөніндегі заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады

Астана. 28 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Мәжіліс депутаттары бүгін өткен жалпы отырыста концессия мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Бұл заң жобасымен "Автокөлік жолдары туралы" заңнан ақылы жолдарды салған кезде міндетті түрде баламалы ақысыз жолдың болуы қажеттігі туралы норманы алып тастау қарастырылған", - делінген мәжілістің экономикалық реформалар және аймақтық даму жөніндегі комитетінің қорытындысында.

Заң жобасының нормаларымен баламалы жол болмаған жағдайда такси, бағытты такси, қалааралық, облысаралық, халықаралық бағыттардағы тасымалмен айналысатын автобустардан басқа жалпы қолданыстағы транспорт ақылы автожолдарды пайдаланғаны үшін ақы төлеуден босатылады; ақылы жолдардың маңындағы аудандардың тұрғындарының жеңіл автокөлігі; судан және темір жолдан өту үшін таяу маңдағы жол айрықтары аясында ақылы автожолмен жүріп өтетін жүк таситын көліктер, ауылшаруашылығы техникасы, суарушы машиналар мен механизмдер ақылы автожолдарды пайдаланғаны үшін ақы төлеуден босатылады.

Сонымен бірге, түзетулермен концессионерге мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдау түрлерін біршама ұлғайту ұсынылған.

Заң жобасы бірқатар заңнамалық актілерге бірқатар өзгерістер енгізуді көздейді. Атап айтсақ, Бюджеттік кодекске жаңа ұғымдар енгізіліп, "нысандарды концессияға беру процессін мейлінге сапалы үйлестіру үшін" орталық және жергілікті атқарушы билік органдарының құзыретінің аясы белгіленеді.

Салық кодексінен ақылы автожолдарда концессионер мен салық қызметінің екі мәрте төлем алуын алып тастау ұсынылуда.

Сондай-ақ, "концессиялық ұсыныстарды іріктеу мен дайындау процедурасы күшейтіледі". Айталық, "концессиялық жобалардың техника-экономикалық негіздемесі концессияға берілетін нысандардың тізімі жасалмай тұрып, бюджет қаржысы есебінен бәсекелесі ортада жасалады". "Концессиялық ұсыныстарға, концессиялық жобалардың техника-экономикалық негіздемесіне, потенциалдық концессионерлердің концессиялық жобаларына экономикалық сараптама жасау жоспарланған".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны