21.05.2008, 12:36 1424

Мәжіліс "Корпоративтік дауларды шешу мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын мақұлдады

Мәжіліс "Корпоративтік дауларды шешу мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын мақұлдады

Астана. 21 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Мәжіліс депутаттары бүгін өткен жалпы отырыста "Корпоративтік дауларды шешу мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын мақұлдады, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Заң жобасының идеясы негізсіз корпоративтік даулардан қорғауға саяды", -деп мәлімдеді заң жобасын депутаттарға таныстырған еліміздің экономика және бюджетті жоспарлау министрі Бақыт Сұлтанов.

Оның айтуынша, "басқа елдердің тәжірибесін зерттеу көрсетіп бергеніндей, осындай даулардың жолымен әділетсіз бәсекелестік жүргізумен бірге кәсіпкерлік қызметті бұғаулап тастауға болады".

"Заң жобасында заңды тұлғаның атқарушы органына өз қатысушыларын (акционерлерін, мүшелерін, үлескерлерін) сотта корпоративтік дау қозғалғаны жайынан хабардар етуді міндеттеу қарастырылған", - деді Б. Сұлтанов.

Сондай-ақ, "заң жобасында коммерциялық ақпаратты жария етпеу үшін корпоративтік даулар бойынша дәлелдерді тек сот қана талап ете алатындығы мен тікелей сотқа ғана жіберілетіндігі жөніндегі норма енгізіліп отыр".

"Заң жобасымен Азаматтық-процессуалдық кодекстің шағымды қамтамасыз ету шаралары шағым иесінің талабына парапар болуға тиіс екендігі туралы бапқа өзгеріс енгізіледі. Бұл шағымдардың салдарынан заңды тұлғаның іс-қызметі мен сүлкінің абсым бөлігі бұғауланатын жағдайларға жол бермеуге мүмкіндік береді", -деді ол.

Заң жобасы екінші оқылымға дайындау үшін мәжілістің салалық комитетіне жолданды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны