01.03.2007, 14:38 3471

Мәжіліс көші-қон мәселелері жөніндегі заңнамаға енгізілетін түзетулерді бірінші оқылымда мақұлдады

АСТАНА. 1-наурыз. Kazakhstan Today. Бүгін өткен мәжілістің жалпы отырысында депутаттар "Көші-қон мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Заң жобасында оралмандарды бейімдеу және интеграциялау орталықтарын құру, оралмандарды эмиграциялық квотаға үкімет айқындайтын критерийлер мен тәртіпке сәйкес енгізу жайы қарастырылған",- делінген мәжілістің әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі комитетінің қорытындысында.

2007-2009-жылдарда бейімдеу орталықтарын құруға бюджеттен 633,1 млн теңге бөлу қарастырылған. 2007-жылғы бюджетте тиісті қаржы көзделінген.

Заң жобасы екінші оқылымға дайындау үшін мәжілістің салалық комитетіне жолданды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны