16.06.2010, 14:46 3695

Мәжіліс ҚР атқарушылық іс жүргізу органдарының қызметі мәселелері жөніндегі заңнамаға түзетулер енгіу туралы заң жобасын мақұлдады

Аталған заң жобасы ҚР Президентінің 2009 жылғы сәуірдің 22-сіндегі "Қазақстан Республикасында қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту және құқық қорғау қызметін одан әрі жетілдіру жөніндегі қосымша шаралар туралы" Жарлығын орындау мақсатында әзірленген.

Астана. 16-маусым. Kazakhstan Today - Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне атқарушылық іс жүргізу органдарының қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын екінші оқылымда мақұлдады., деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігі.

Аталған заң жобасы ҚР Президентінің 2009 жылғы сәуірдің 22-сіндегі "Қазақстан Республикасында қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту және құқық қорғау қызметін одан әрі жетілдіру жөніндегі қосымша шаралар туралы" Жарлығын орындау мақсатында әзірленген. Бұл ретте құжат бойынша сот шешімдерін орындау тәртібін бұзумен, сот төрелігін жүзеге асыруға кедергі жасаумен және сотты құрметтемеушілік көрінісімен байланысты қылмыстық істерді тергеу жөніндегі өкілеттіктер Ішкі істер министрлігінен ҚР Жоғарғы Соты жанындағы Сот әкімшілігі комитетінің қарамағына беру көзделеді.

Осыған байланысты ҚР Қылмыстық іс жүргізу және Икімшілік кодекстеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны