23.09.2015, 11:46 16874

Мәжіліс ҚР Азаматтық процессуалдық кодексіне енген өзгертулерді қабылдады

Мәжiлiс депутаттары жалпы отырыс барысында ҚР Азаматтық процессуалдық кодексiнiӊ жобасына Сенат енгiзген өзгерiстер мен толықтыруларды қабылдады

Астана. 23 қыркүйек. Kazakhstan Today - Мәжiлiс депутаттары жалпы отырыс барысында ҚР Азаматтық процессуалдық кодексiнiӊ жобасына Сенат енгiзген өзгерiстер мен толықтыруларды қабылдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Азаматтық процессуалдық кодекс жобасын Парламент Мәжiлiсi биылғы жылдыӊ 6 мамырында екiншi оқылымда мақұлдап, Парламент Санатыныӊ қарауына 430 түзетумен жолдаған болатын, деп хабарлайды strategy2050.kz тілшісі.

Алайда, Кодекс жобасына Сенат қосымша 87 түзету енгiзiп, 17 қыркүйекте Парламент Мәжiлiсiне қайтарды. Сонымен қатар, Мәжiлiс енгiзген барлық түзетулер Сенатта қолдау тапты. Жұмыс тобыныӊ отырысында Сенаттыӊ ұсыныстары қаралды, бұл түзетулердiӊ барлығы Жаӊғырту жөнiндегi ұлттық комиссияныӊ шешiмдерiн орындауға бағытталғанын атап өткен жөн.

Оныӊ айтуынша, өзгерiстер Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтыӊ "100 нақты қадам" Ұлт жоспарында көрсетiлген тапсырмаларын iске асыру мақсатында енгiзiлген және бұл түзетулер оныӊ тоғыз қадамын жүзеге асыруға бағытталған.

Атап айтсақ, сот төрелiгi бессатылы жүйеден үш деӊгейлi жүйеге көшудi көздейдi. Бұл түзетулерге сәйкес, бiрiншi сатыдағы сот - аудандық және қалалық соттар, апелляциялық саты - облыстық соттар, ал кассациялық сатыдағы сот - жоғарғы сот болып табылады. Сондай-ақ, сот жүйесiнiӊ сатыларын оӊтайландыру арқылы апелляциялық сот өкiлеттiктерiн кеӊейту көзделедi.

Одан басқа, сот рәсiмдерiн оӊайлату және сот процесiн жеделдету үшiн прокурордыӊ азаматтық-құқықтық даулар бойынша сотқа қатысуын қысқарту көзделген. Беделдi шетелдiк судьялардыӊ қатысуымен үздiк халықаралық стандарттарды енгiзу, сондай-ақ, барлық сот процестерiн мiндеттi түрде аудио және бейне тiркеудi енгiзу үшiн Жоғарғы соттыӊ жанынан халықаралық кеӊес құру бөлiгiнде де тиiстi түзетулер енгiзiлдi.

Сонымен қатар, жалпы отырыста Мәжiлiс "Қазақстан Республикасыныӊ кейбiр заӊнамалық актiлерiне азаматтық процессуалдық заӊнаманы жетiлдiру мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" ҚР Заӊыныӊ жобасына ҚР Парламентi Сенаты енгiзген өзгерiстер мен толықтыруларды қабылдады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны