23.12.2009, 14:20 2948

Мәжіліс "ҚР кейбір заңнамалық актілеріне азаматтық заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады

Мәжіліс "ҚР кейбір заңнамалық актілеріне азаматтық заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады

Астана. 23 желтоқсан. Kazakhstan Today - Мәжіліс депутаттары бүгін өткен жалпы отырыста "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтық заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Қазақстан Президентінің 2007 жылғы "Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан" атты Қазақстан халқына Жолдауының он бесінші бағытына сәйкес заң жобасында ұсынылған бірқатар толықтырулар жеке меншік институтын және келісім-шарттық қатынастарды барынша нығайтуға бағытталған. Заң жобасының мақсаты Азаматтық кодекстің институттары мен нормаларын жетілдіру, сондай-ақ экономиканы дамытудың маңызды шарты ретінде азаматтық заңнаманың тұрақтылығын сақтау болып табылады.

Заң жобасы бойынша Мәжілістің жалпы отырысында ҚР Иділет министрінің орынбасары Марат Бекетаев баяндама жасады. Заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды. Енді екінші оқылымға дайындалады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны