22.04.2010, 10:25 1424

Мәжіліс "ҚР кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының "электрондық үкіметін" дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады (толықтырылған)

Мәжіліс "ҚР кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының "электрондық үкіметін" дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады (толықтырылған)

Астана. 22 сәуір. Kazakhstan Today - Мәжіліс депутаттары кеше өткен жалпы отырыста "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының "электрондық үкіметін" дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Заң жобасы туралы ҚР Байланыс және ақпарат министрі Асқар Жұмағалиев баяндама жасады. Жұмыс тобындағы талқылаулар қорытындысы жайлы Мәжіліс депутаты Шавхат Өтемісов түсінік берді.

Қазақстан Республикасында "электрондық үкіметті" дәйектілікпен қалыптастыру мақсатында үкіметтің 2007 жылғы қарашаның 30-ындағы қаулысымен бекітілген "Қазақстан Республикасының "электрондық үкіметті" дамытудың 2008-2010 жылдарға арналған бағдарламасы қабылданғаны белгілі.

Аталған бағдарламаға сәйкес "электрондық үкіметті" дамытуды нормативтік құқықтық қамтамасыз етуді жетілдіру оны одан әрі қалыптастырудың бірінші кезектегі бағыттарының бірі болып табылады. Және қоғамның ақпараттық кажеттілігін қамтамасыз ету, электрондық мемлекеттік кызметтерді тұтынушылардың құқықтарын іске асыру үшін жағдай жасау, олардың қолжетімділігін және сапасын арттыру, мемлекеттік органдардың құзыретін белгілеу, сондай-ақ "электрондық үкіметтің" жұмыс істеуі жағдайында олардың қызметін үйлестіру бөлігінде ақпараттандыру саласындағы қатынастарды реттеуге бағытталған.

Мемлекеттік органдардың электрондық қызмет көрсету кезінде ақпараттық жүйелерді қолдануын егжей-тегжейлі регламенттеу электрондық мемлекеттік қызметтер көрсету субъектілерінің қызмет тәртібін бекітетін нормативтік құқықтық актіде көрініс табады.

Заң жобасын реттеу мәні ақпараттық жүйелерді қолданып, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді реттейтін құқықтық нормаларды белгілеу жолымен Қазақстанның "электрондық үкіметі" жүйесін дамыту мәселелері болып табылады.

Заң жобасын қабылдау Қазақстанның "электрондық үкімет" жүйесін дамытуға ықпал ететін болады. Атап айтқанда, әкімшілік рәсімдерді оңтайландыру, электрондық мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелерінде мемлекеттік басқарудың сапасы мен тиімділігін арттыру, олардың айқындылығын қамтамасыз ету, өтініштерді қарау мерзімін қысқарту, тұтынушылардың және қызметшілердің жүктемесін азайту болжанып отыр. Сонымен қатар ақпараттандырудың дамуына байланысты осы жаңа сала үшін ұғымдық аппарат жетілдірілуде. Заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны