10.03.2010, 15:19 3078

Мәжіліс "ҚР кейбір заңнамалық актілеріне Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын мақұлдады

Мәжіліс "ҚР кейбір заңнамалық актілеріне Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын мақұлдады

Астана. 10 наурыз. Kazakhstan Today - Мәжіліс депутаттары бүгін өткен жалпы отырыста "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын мақұлдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Қолданыстағы заңнаманы Есеп комитеті туралы заң жобасымен сәйкестендіру мақсатында Бюджет кодексіне, "Бағалы қағаздар рыногы туралы" заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу көзделген.

Бюджет кодексіне ұсынылатын түзету бақылау актісіне қарсылық білдіруді ұсыну мерзімдерін нақтылап, ұсынылған қарсылықтарға дәлелді жауап қайтару немесе қарсылықтарына орай әрекет ету тетігін бекітеді.

Сонымен қатар, Есеп комитетіне жүктелген өкілеттіктерді іске асыру мақсатында "Бағалы қағаздар рыногы туралы" заңға Ұлттық банктің бағалы қағаздармен жүргізетін операциялары жөніндегі мәліметтерін қоспағанда, бақылауды жоспарлауға және жүргізуге байланысты мәселелер бойынша Есеп комитетіне коммерциялық құпияны құрайтын ақпаратты ұсыну жөнінде де түзетулер енгізілген. Аталған түзету Есеп комитетінің құзыретін іске асыру жөніндегі осы уақытқа дейін реттелмеген құқықтық тетікті құруға бағытталған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны