18.06.2014, 21:00 2343

Мәжіліс "ҚР кейбір заңнамалық актілеріне табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын жұмысқа алды

Мәжіліс "ҚР кейбір заңнамалық актілеріне табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын жұмысқа алды

Алматы. 18 маусым. Kazakhstan today. Бүгін Мәжіліс Қабиболла Жақыповтың төрағалығымен өткен жалпы отырыста "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын жұмысқа алды.

Отырыста Мәжілістің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің төрағасы Сейітсұлтан Ийімбетов заң жобасы бойынша баяндап, оны қабылдаудың мақсаты - тариф белгілеу процесі мен табиғи монополиялар субьектілері қызметінің ашықтығын жоғарылату, негізсіз шығындарды жою және тарифтік рәсімдерді оңтайландыру, тұтынушылардың құқықтарын қорғау, табиғи монополиялар субьектілерінің тұтынушыларға қызметтер көрсету стандарттарын әзірлеу бойынша уәкілетті органның құзіретін белгілеу болып табылатынын мәлімдеді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны