10.03.2010, 15:33 3428

Мәжіліс "ҚР кейбір заңнамалық актілеріне терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын мақұлдады

Мәжіліс "ҚР кейбір заңнамалық актілеріне терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын мақұлдады

Астана. 10 наурыз. Kazakhstan Today - Мәжіліс депутаттары бүгін өткен жалпы отырыста "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы заңының жобасы бойынша Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі мен Сенаты арасындағы келіспеушіліктерді еңсеру жөніндегі келісім комиссиясының ұсыныстарын мақұлады, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Қос палатаның арасындағы келіспеушіліктерді еңсеру жөніндегі келісім комиссиясының ұсыныстары туралы Мәжілістің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі Ержан Исақұлов түсінік берді.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, сенат депутаттары 2009 жылдың 24 желтоқсанында өткен жалпы отырыста "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасына өз түзетулерін енгізіп, мәжіліске қайтарды.

Сенаттың Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің қорытындысына сәйкес, бұл заң жобасы террористік қылмыс жасаған адамдарға ескіру мерзімдерін қолдануға тыйым салуға, экстремистік немесе террористік ұйымның өз атауын өзгерту фактісін соттың анықтау тетігін реттеуге, бұқаралық ақпарат құралдарында терроризмге қарсы операциялардың техникалық тәсілдері мен тактикасын ашатын мәліметтер мен материалдарды таратуды шектеуге, терроризмге қарсы операцияның құқықтық режимін реттеуді жетілдіруге бағытталған.

Заң жобасымен "Терроризмге қарсы күрес туралы" Қазақстан Республикасының Заңына айтарлықтай өзгерістер мен толықтырулар енгізу ұсынылып отыр. Атап айтқанда терроризмге қарсы операцияға қатысатын адамдардың мүмкіндіктерін негізсіз тарылтуды болдырмау мақсатында азаматтардың тұрғын үй-жайларына террористердің ізіне түскен кезде ғана кіруге болады деген қағиданы алып тастау ұсынылады. Заңнамаға сәйкес келтіру үшін, егер кідіру адамдардың өмірі мен денсаулығына нақты қауіп төндіруі мүмкін болғанда, осы іс-қимылдың шарты ретінде жол берілетіндігін бекіту ұсынылады.

Одан басқа, жүргізілген іс-қимылдардың заңдылығын тексеру үшін тұрғын үйге кіру фактілері туралы хабарламаны жиырма төрт сағат ішінде прокурорға жіберу туралы нормамен толықтыру ұсынылды.

Сонымен бірге, ТМД-ға қатысушы елдердың заңнамаларын біріздендіру мақсатында шаралардың террористік қауіп дәрежесімен мөлшерлестігі түрінде заңды терроризмге қарсы іс-қимылды жүзеге асырудың жаңа принципімен толықтыру ұсынылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны