16.04.2014, 20:01 5941

Мәжіліс ҚР Қылмыстық-процессуалдық кодекс жобасын екінші оқылымда мақұлдады

ҚР Парламенті Мәжілісінің палата спикері Қабиболла Жақыповтың төрағалығымен өткен жалпы отырыста Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процессуалдық кодекс жобасын екінші оқылымда мақұлдады.

Алматы. 16 сәуір. Kazakhstan today. ҚР Парламенті Мәжілісінің палата спикері Қабиболла Жақыповтың төрағалығымен өткен жалпы отырыста Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процессуалдық кодекс жобасын екінші оқылымда мақұлдады.

"Аталмыш кодекс қылмыстық жазалау мен тергеуде алдыңғы қатарлы халықаралық талаптарға сәйкестендіріле отырып адам мен азаматтардың конституциялық құқын қорғау мен сақтау кепілдігін арттыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, сотқа дейінгі қылмыстық процестерде сот бақылауын кеңейту мен тиімділігін және процессуалдық үнемдеуіне қол жеткізуге жағдай жасайды", - дейді Заңнамалық және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі Рамазан Сарпеков.

Кодекстің қабылдану мақсаты адам мен азаматтардың конституциялық құқын қорғау мен сақтау кепілдігін арттыра отырып қылмыстық сот өндірісін ары қарай жетідіру болып табылады, дейді комитет мүшелері.

Кодекстің жобасын дайындау жұмысы барысында депутаттар қорғаушы құзіретін арттыру, сот тергеуін жетілдіру, қылмыстық сот өндірісндегі тараптардың мүмкіндіктерін теңестіру, сонымен қатаржекелеген жобаларды жетілдіруге бағытталған бірқатар түзетулер енгізді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны