23.06.2010, 17:11 3639

Мәжіліс ҚР мен АҚШ арасындағы Ауғанстан Ислам Республикасының тұрақтылығы және қайта қалпына келтіру жөніндегі келісімді мақұлдады

"Мұнда "арнайы жүк" ұғымы доңғалақты, қарусыз брондалған техниканы білдіреді"- деп түсіндіріп өтті ҚР сыртқы істер министрінің орынбасары Қайрат Омаров.

Астана. 23-маусым. Kazakhstan Today Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары "ҚР Үкіметі мен Америка Құрама Штаттарының Үкіметі арасындағы Ауғанстан Ислам Республикасының тұрақтылығы және қайта қалпына келтіру жөніндегі іс-қимылдарға АҚШ-тың қатысуына байланысты Қазақстан Республикасының аумағы арқылы арнайы жүктің коммерциялық теміржол транзитін қамтамасыз ету туралы келісімді ратификациялау туралы" заң жобасын мақұлдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігі.

"Мұнда "арнайы жүк" ұғымы доңғалақты, қарусыз брондалған техниканы білдіреді"- деп түсіндіріп өтті ҚР сыртқы істер министрінің орынбасары Қайрат Омаров.

"Аталмыш Келісім Ауғанстанды тұрақтандыруға бағытталады және Орталық Азия қауіпсіздігіне оң әсер етпек",- деді ол.

"Транзит коммерциялық негізде іске асырылады. Яғни, АҚШ тарапы Қазақстанның аумағынан тасымалдау кезеңінде қызмет, жұмыс және алып өтетін тауарлар үшін төлем жасайды",- деп хабардар етті Қ. Омаров.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны