13.05.2009, 15:23 3883

Мәжіліс ҚР "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы" Кодексінің жобасын бірінші оқылымда мақұлдады

Мәжіліс ҚР "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы" Кодексінің жобасын бірінші оқылымда мақұлдады

Астана. 13 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Мәжіліс депутаттары бүгін өткен палатаның жалпы отырысында ҚР "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы" Кодексінің жобасын бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

Мәжілістің қоржынына бұл әлеуметтік құжат 2007 жылы келіп түскен, заң жобасы содан бері жұмыс тобында 25 отырыста талқыланып, 400-ден астам ұсыныс пен ескертулер түскен. 2008 жылдың мамырында Шығыс Қазақстан облысында аталған комитет пен Мәжіліс жанындағы Қоғамдық Палата бірлесіп осы Кодекс жобасы бойынша көшпелі отырыс өткізді.

"Бүгінгі күні елімізде, әлеуметтік саланы әр түрлі деңгейде қарастыратын қолданыстағы бірқатар нормативтік актілер бар, олар "Неке және отбасы", "Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы", "Білім туралы", "Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы", "Қазақстан Республикасында мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар туралы", "Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы", "Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" және тағы да басқалар.

Бірақ солай бола тұрса да, неке-отбасылық заңнама саласын жетілдіруде, халықаралық және соның ішінде ТМД елдерінің озық тәжірибесін ескере отырып, бірыңғай, біркелкі құқықтық база жоқ.

Қолданыстағы заңдардың кемшін жерлерін толықтыратын "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" ҚР Кодексі жобасын әзірлеу, неке-отбасылық заңнамасы жетілдірудегі негізгі мақсат, сондай-ақ оны прогресстік халықаралық стандарттармен сәйкестендіру өте дәлелді болды.

Бүгінгі күні, отбасына қатысты мемлекеттік саясаттың бейнесі болатын және оның қызмет аясы мен қорғауының құқықтық кепілдіктерін ұлғайтатын осындай қалыптағы заңдарды қабылдау қажеттігі туды.

Неке және отбасы мәселелері ерекше тәжірибелік құндылықтары бар, сондықтан жалпы қоғамдық өмірлік тәжірибеден алынған дұрыс шешімдерді табуға көмектесті, біз оларды осы кодекс жобасын талқылау барысында айқындау мақсаты қойылған.

Барлық қазақстандық отбасыларының әлеуметтік жағдайын жақсарту - бұл еліміздің әлеуметтік саясатындағы абсолюттық басымдылық.

Аталған құжат мәжіліске 2007 жылдың 24 желтоқсанында енгізілді.

2008 жылдың мамыр айында Шығыс Қазақстан облысында осы Кодекс жобасын талқылау барысында біздің комитет пен Қоғамдық палатаның бірлескен көшпелі отырысы өтті.

"Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" ҚР Кодексінің атауы мен жобасында оны әзірлеушілер "неке" ұғымымен қатар "ерлі-зайыптылық" ұғымын енгізген, бұл осы ұғымды заңнамада жаңадан айқындауға мүмкіндік береді.

"Ерлі-зайыптылық" деген ұғым мағынасы бойынша қолданыстағы неке-отбасылық заңнамасында көзделген "неке" ұғымымен бірдей, осы ұғымның енгізілуі "неке" ұғымында оның ішінде неке-отбасы қатынастарына қатысы жоқ бірнеше мағына болуымен байланысты, "ерлі-зайыптылық" ұғымы деп ерлі-зайыптылар арасындағы қатынастар ғана түсініледі.

Осы тұрғыдан осы терминнің қолданылуы мақсатқа сай келеді деген көзқарасты жұмыс тобы мақұлдады.

Сонымен бірге, жұмыс тобы мен депутаттар кодекс жобасында отбасы мен балалар мүдделерін қорғауға бағытталған жаңалықтарды қарастыруды ұсынды.

Атап айтқанда, жобада пайдаланылатын көптеген жаңа ұғымдар, баланың өміріне немесе оның денсаулығына тікелей қатер төнген жағдайда баланы айырып алу, кәмелетке толмаған жас ата-аналардың құқықтары, ата-аналардың балаларды тәрбиелеу мен оларға білім беру жөніндегі құқықтары мен міндеттері, Баланың аты мен тегін өзгерту, азаматтық хал актілерін мемлекеттік реттеу, Суррогат аналықтың мәселелері жөніндегі нормалар, бала асырап алумен айналысатын Агенттіктердің құқықтары мен міндеттері - кейбір жаңа мәселелерді мамандар өз сөйлеулерінде толыққанды баяндайды.

Бәрімізге де мәлім, бала асырап алу оның ішінде шетелдік бала асырап алу мәселелері ең өзекті де және ылғи да баса назарда болуды талап ететін мәселенің бірі.

Соңғы уақытта, балалардың өздерін асырап алушылардан зорлық-зомбылық көретіні жиілеп кетті. Сондықтан, осы салада заңнаманы жетілдіру қажеттілігі мақсатында, кодекс жобасында баланы асырап алуға арналған арнайы тарау қарастырылған, кейіннен жұмыс тобы отырыстарында депутаттар оны біраз пысықтап одан әрі жөндеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны