30.11.2016, 20:50 7062

Мәжіліс ҚР Тәуелсіздігініӊ 25 жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы заӊ жобасын жұмысқа қабылдады

Мемлекет басшысы Конституцияныӊ 61-бабыныӊ 1-тармағына сәйкес, өзініӊ заӊнамалық бастамасы тәртібімен "Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігініӊ 25 жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы" ҚР заӊыныӊ жобасын республика Парламентініӊ қарауына енгізді.

Астана. 30 қараша. Kazakhstan Today - ҚР Парламентініӊ Мәжілісі пленарлық отырыс барысында "Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігініӊ 25 жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы" заӊ жобасын жұмысқа қабылдады, деп хабарлайды Мәжіліс аппаратыныӊ баспасөз қызметі.

"Мемлекет басшысы Конституцияныӊ 61-бабыныӊ 1-тармағына сәйкес, өзініӊ заӊнамалық бастамасы тәртібімен "Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігініӊ 25 жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы" ҚР заӊыныӊ жобасын республика Парламентініӊ қарауына енгізді. Биыл Қазақстан өзініӊ мемлекеттік тәуелсіздігініӊ 25 жылдығын атап өтеді. Республика Конституциясында адамныӊ өмірі, құқықтары мен бостандығы жоғары құндылықтар етіп қойылған. Оған сәйкес рақымшылық жасау акті қолданылатын заӊды қабылдау ізгілік қағидаты көріністерініӊ бірі болып табылады", - деді ҚР Парламенті Мәжілісініӊ Заӊнама және сот-құқықтық реформа комитетініӊ төрағасы Нұрлан Ибдіров.

Оныӊ айтуы бойынша, заӊ жобасында, негізінен, азаматтардыӊ әлеуметтік-осал топтарын, соныӊ ішінде кәмелет жасқа толмағандарды, жүкті әйелдерді, кәмелет жасқа толмаған немесе мүгедек балалары бар әйелдерді, мүгедектерді, қарт адамдарды, сондай-ақ ауыр емес қылмыстық құқық бұзушылықтар жасаған адамдарды қылмыстық жазадан босату көзделеді.

"Сонымен бірге, заӊ жобасында рақымшылық жасауды қолдану туралы шарттар да бар. Заӊ жобасына сәйкес, заӊ ол қолданысқа енгізілген күннен бастап алты ай ішінде орындалуы тиіс", - деп қосты Н. Ибдіров.

Қаулы жобасы бірауыздан қабылданды.

Еске сала кетейік, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев рақымшылық жасауды өткізуді ұсынған болатын.

Мемлекет басшысы Конституцияныӊ 61-бабыныӊ 1-тармағына сәйкес, өзініӊ заӊнамалық бастамасы тәртібімен "Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігініӊ 25 жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы" ҚР заӊыныӊ жобасын республика Парламентініӊ қарауына енгізді. Рақымшылық жасау заӊды бұзған адамдарға қатысты ізгілік қағидаты көріністерініӊ бірі болып табылады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны