17.10.2012, 10:48 2716

Мәжіліс ҚР Ұлттық қорынан 2013-2015 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферттер туралы заң жобасын мақұлдады

Экономикалық даму және сауда министрі Ерболат Досаевтың айтуынша, Ұлттық қордан республикалық бюджетке кепілдендірілген трансферттің 2013 жылға 1 трлн. 380 млрд. теңге, 2014 және 2015 жылдарға 1 трлн. 188 млрд. теңге көлемі белгіленген. Кепілдендірілген трансферттің осы мөлшері Ұлттық қордың тұжырымдамасында айқындалған тиісті қаржы жылының соңына жалпы ішкі өнімнің болжамдық мәнінен 20 пайыздық мөлшерде азаймайтын қалдық қағидаларының сақталуын қамтамасыз етеді.

Астана. 17-қазан. Kazakhstan Today - Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары "Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2013-2015 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферттер туралы" заң жобасын мақұлдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Экономикалық даму және сауда министрі Ерболат Досаевтың айтуынша, Ұлттық қордан республикалық бюджетке кепілдендірілген трансферттің 2013 жылға 1 трлн. 380 млрд. теңге, 2014 және 2015 жылдарға 1 трлн. 188 млрд. теңге көлемі белгіленген. Кепілдендірілген трансферттің осы мөлшері Ұлттық қордың тұжырымдамасында айқындалған тиісті қаржы жылының соңына жалпы ішкі өнімнің болжамдық мәнінен 20 пайыздық мөлшерде азаймайтын қалдық қағидаларының сақталуын қамтамасыз етеді.

Бұдан басқа қорда қаражаттың таза жинақталуы қамтамасыз етіледі. Және 2015 жылға қарай Ұлттық қордың қаражаты 100 млрд. АҚШ долларынан асады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны