21.10.2009, 11:19 1599

Мәжіліс "ҚР Ұлттық қорынан бөлінетін 2010 - 2012 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы" заң жобасын мақұлдады

Мәжіліс "ҚР Ұлттық қорынан бөлінетін 2010 - 2012 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы" заң жобасын мақұлдады

Астана. 21 қазан. Kazakhstan Today - Мәжіліс депутаттары бүгін өткен жалпы отырыста "ҚР Ұлттық қорынан 2010 - 2012 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы" заң жобасын мақұлдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Мәжілістің қаржы және бюджет комитетінің қорындысы бойынша, 2009 жылға арналған болжам мәліметтерін ескере отырып, 2010 жылға арналған кепілдендірілген трансферт 1075,7 млрд теңге көлемінде белгіленген. Ұлттық қор активтерін басқарудан түсетін инвестициялық кірістің орташа деңгейі 2010 жылы 5,35% деңгейінде, немесе 187,9 млрд теңге, 2011 жылы - 203,6 млрд теңге деңгейінде анықталған. Осыны ескергенде 2011 жылға арналған кепілдендірілген трансферт көлемі 1171,0 млрд теңге, 2012 жылы - 1266,0 млрд теңге болмақ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны