17.04.2013, 11:45 4331

Мәжіліс ҚР зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады

ҚР Парламенті Мәжілісі "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады, онда БЖЗҚ құру, әйелдердің зейнеткерлік жасын сәйкестендіру, зиянды ортада жұмыспен қамтылған азаматтар үшін міндетті кәсіби салымдар енгізу бойынша бірқатар жаңартулар қарастырылған.

Астана. 17-сәуір. Kazakhstan Today - Мәжіліс ҚР зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР Парламенті Мәжілісі "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады, онда БЖЗҚ құру, әйелдердің зейнеткерлік жасын сәйкестендіру, зиянды ортада жұмыспен қамтылған азаматтар үшін міндетті кәсіби салымдар енгізу бойынша бірқатар жаңартулар қарастырылған.

Аталған заң жобасы негізінен Қазақстандағы зейнетақы жүйесін жаңғыртуды көздейді. Бұл ретте құжат бойынша Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорын құру қарастырылады. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының құрылтайшысы мен акционері ел Үкіметі болса, оның зейнетақы активтерін басқаруды ҚР Ұлттық банкі жүзеге асырады. Бұдан бөлек заң жобасының шеңберінде ауыр және қауіпті өндіріс жағдайында жұмыс істейтін адамдар үшін міндетті санатқа еңбекақы төлеу қорынан 5 пайыз мөлшерінде ерікті кәсіптік зейнетақы жарналарын аудару қарастырылады. Бұл ретте заң жобасында қамтылғандай зейнеткерлік жасты көтеру 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап зейнеткерлік жасты жыл сайын 6 айға ұлғайта отырып, біртіндеп 10 жылдың ішінде жүзеге асыру көзделеді.

Сонымен бірге, негізінен БЖЗҚ құруға қатысты зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша заңнамалық актілерге түзетулер ұсынулар жоспарланған. Түзетулерді ҚР 10 кодексіне және 26 заңына енгізу жоспарланған.

Зейнетақы жүйесін жетілдірудің басты мақсаты сақталудың кепілдігін қамтамасыз ету және азаматтардың зейнетақы жинақтарының өсуін қамтамасыз ету болып табылады.

Зейнетақы жүйесін жетілдіру "Илеуметтік-экономикалық жетілдіру - Қазақстанды дамытудың басты векторы" атты Қазақстан халқына жолдауында жарияланған Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында жүзеге асырылады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны