26.02.2014, 20:35 3038

Мәжіліс "ҚР және ҚХР Үкіметтері арасындағы Қорғас өзенінде "Достық" бірлескен ортақ су торабын салудағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы" заң жобасын жұмысқа алды

Бүгін өткен жалпы отырыста Мәжіліс "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы Қорғас өзенінде "Достық" бірлескен ортақ су торабын салудағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы" заң жобасын жұмысқа алды.

Алматы. 26 ақпан. Kazakhstan today. Бүгін өткен жалпы отырыста Мәжіліс "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы Қорғас өзенінде "Достық" бірлескен ортақ су торабын салудағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы" заң жобасын жұмысқа алды.

"Келісімде ортақ қаржыландыру шарттарында аталған құрылысты бірлесіп салу мәселесі регламенттеледі",- деді Палатаның Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Мәулен Ишімбаев.

Құжат бойынша мемлекеттердің шекаралық органдары Тараптар жұмыс персоналының мемлекеттік шекарадан өтуін, қажетті жабдықтар мен шикізатты және материалдарды оңайлатылған тәртіппен тасымалдауды қамтамасыз етеді және мемлекеттік шекара режимінің сақталуын бақылайды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны