07.10.2009, 14:04 1797

Мәжіліс "Мәдениет туралы" Қазақстан Республикасының заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын мақұлдады

Мәжіліс "Мәдениет туралы" Қазақстан Республикасының заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын мақұлдады

Астана. 7 қазан. Kazakhstan Today - Мәжіліс депутаттары бүгін өткен жалпы отырыста "Мәдениет туралы" Қазақстан Республикасының заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын мақұлдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Жалпы отырыста заң жобасын таныстырған ҚР мәдениет және ақпарат министрі Мұхтар Құл-Мұхаммедтің айтуынша, бұл заң жобасы мәдениет туралы заңнаманың отандық кинематографияны қолдауға, мұражай және кітапхана ісін дамытуға, сондай-ақ мәдени құндылықтарды қалыптастыру және сақтау бөлігін одан әрі жетілдіруге бағытталған.

Мәжілістің әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі комитетінің қорытындысы бойынша, заң жобасымен ұғымдар аппараты айтарлықтай кеңейтіліп, көрермендердің жас цензінің индексі деген ұғым енгізіліп, отандық және шетелдік фильмдерді тіркеу тетігі енгізіледі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны