24.01.2007, 18:00 3132

Мәжіліс машиналар мен жабдықтардың қауіпсіздігі туралы заң жобасын мақұлдады

АСТАНА. 24-қаңтар. Kazakhstan Today. Бүгін өткен мәжілістің жалпы отырысында депутаттар "Машиналар мен жабдықтардың қауіпсіздігі туралы" заң жобасын мақұлдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Заң жобасының басты мақсаты- машиналар мен жабдықтарға қойылатын ең төменгі талаптарды белгілеу. Талаптар адамның өімірі мен денсаулығы және қоршаған ортаның қауіпсіздігін қамтамасыз етеді",- деп мәлімдеді заң жобасын депутаттарға таныстырған индустрия және сауда вице-министрі Асқар Баталов.

Оның айтуынша, заң жобасын қабылдау "ішкі рынокты потенциалдық қаупі бар машиналар мен жабдықтардың енгізілуінен қорғауға, отандық машина жасау саласының бәсекелестік қабілетін көтеруге, артық әкімшілік кедергілерді жоюға, кәсіпкерлікті дамытуға" мүмкіндік береді.

Заң жобасы сенаттың талқысына ұсынылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны