12.01.2011, 15:43 4727

Мәжіліс медиация институтын енгізуді көздейтін заң жобасы бойынша Сенат жасаған түзетуді қабылдады

Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары "Медиация туралы" заң жобасына Парламент Сенаты тарапынан енгізілген түзетулерді қарап шығып, оған келісімін берді. Осылайша Парламентпен қабылданған заң Мемлекет басшысының қол қоюына жіберіледі, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып.

Астана. 12 - қаңтар. Kazakhstan Today - Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары "Медиация туралы" заң жобасына Парламент Сенаты тарапынан енгізілген түзетулерді қарап шығып, оған келісімін берді. Осылайша Парламентпен қабылданған заң Мемлекет басшысының қол қоюына жіберіледі, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып.

ҚазАқпарат агенттігі, аталған заң бойынша келіспеушілікті шешудің балама тәсілі - бітімгершілік - медиация институтын енгізу көзделіп отырғандығын естеріңізге салады.

Атап айтқанда, еліміздің 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған құқықтық саясат тұжырымдамасында азаматтық сот ісін жүргізуге қатысушылардың құқықтарын барынша іске асыру, жеке адамның бұзылған құқықтары мен бостандықтарын, қоғам мен мемлекет мүддесін уақытылы қорғау және қалпына келтіру мақсатында бірқатар іс-шаралар қамтылған болатын. Оның ішінде, жеке құқықтық дау-шарлар тараптары арасындағы ымыраға қол жеткізудің сот және соттан тыс тәртіппен қолданылатын түрлі жолдары мен әдістерін белгілеуге бағытталуы мүмкін әрекеттер де көрініс тапқан еді. Осыған орай, заң жобасында медиация ұғымын анықтау, оның негізгі қағидаттарын, қолданылу аясын, медиация рәсімінің кепілдігін, медиаторлар қызметіне ақы төлеу және белгілеу мәселелері қарастырылады.

Бұдан бөлек, Парламент қабылдаған заң бойынша дауларды жеке қарсылық аясынан шығарып, мүдделі пікірталас аясына беру көзделеді. Заң нормалары күшіне енсе, соттарда қаралатын істердің саны да айтарлықтай азаятындығы күтіледі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны