22.01.2014, 19:16 9973

Мәжіліс мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы заң жобасын қарауға алды

Бүгін Палата Төрағасы Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен өткен жалпы отырыста Мәжіліс "Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы" заң жобасын ілеспе түзетулерімен жұмысқа алды, деп Мәжілістің баспасөз қызметі хабарлады.

Алматы. 22 қаңтар. Kazakhstan today. Бүгін Палата Төрағасы Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен өткен жалпы отырыста Мәжіліс "Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы" заң жобасын ілеспе түзетулерімен жұмысқа алды, деп Мәжілістің баспасөз қызметі хабарлады.

"Заң жобасында халықаралық аудит қағидаттары мен Лим декларациясының талаптары және халықаралық аудит талаптарын қолдану көзделгенін атап өтті. Заң жобасы бойынша мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау субьектілері Есеп комитеті мен есеп комиссиясы да сөз алады", - деді Мәжілістің Қаржы және бюджет комитетінің төрайымы Гүлжан Қарақұсова.

Ал мемлекеттік аудит және қаржылық бақылаудың ішкі субьектілеріне ішкі аудит, орталық мемлекеттік органдардың ішкі аудит қызметі, Астана және республикалық маңыздағы қалалар мен облыс әкімдерінің аппараты сонымен қатар орталық мемлекеттік органдар ведомстволарының ішкі аудит қызметтері өкілетті орган болады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны